Смекни!
smekni.com

А ша айналысын бас ару ж не реттеу (стр. 4 из 6)

Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа шоттарында көрсетіледі.

Кез келген кәсіпорын мен ұйымның ,банкте басты бір шоты ,яғни есеп айырысу немесе ағымдық шоты болуға тиіс. Есеп айырысу шоттары барлық кәсіпорындарға , яғни меншік түрлеріне байланысты, сондай-ақ коммерциялық есеп айырысу қағидаларында жұмыс жасайтын барлық шаруашылық субъектілеріне ашылады. Есеп айырысу шотының иесі шоттағы қаражатты иелік етуге толық құқылы. Ондай клиенттердің дербес балансы болады. Сондай-ақ олар банктермен жеке қарым-қатынас жасай алады. Сөйтіп , есеп айырысу шотының иесі толық экономикалық және заңды тәуелсіздікке ие болады.

Ағымдық шоттар, қазіргі кезде коммерциялық қызметпен айналыспайтын және заңды тұлға ретінде мәртебесі жоқ ұйымдар мен мекемелерге ашылады.Бұрынғы кезде мұндай шоттар тек қана республикалық немесе жергілікті бюджетте тұрған қоғамдық ұйымдар мен мекемелерге ашылған болатын.Ағымдық шот иесінің есеп айырысу шотының иесіне қарағанда дербестігі шектеулі.Ағымдағы шоттар бойынша жасалатын операциялар қатаң реттеліп отырады.

Коммерциялық банктің мекемелеріне есеп айырысу шотын алу үшін мынадай құжаттар тапсыруға тиіс.

· Белгілі бір формадағы есеп айырысу шотын ашуға байланысты өтініші;

· Кәсіпорынды немесе ұйымды ,мемлекеттік тіркеуге алғандығы туралы құжат (тиісті атқарушы билік органдарымен куәландырылған)

· Кәсіпорынды құру туралы құрылтайшылық шарт көшірмесі (нотариалдық түрде куәландырылған)

· Жарғысының көшірмесі(нотариалды түрде куәландырылған );

· Кәсіпорын директорының өкілеттілігін бекіту туралы құжат (құрылтайшылар жиналысының хаттамасы немесе контракт);

· Кәсіпорынның бас бухгалтерінің өкілеттілігін бекіту туралы құжат(жұмысқа қабылдау туралы бұйрық немесе контракт)

· Кәсіпорынның бірінші лауазымды қызметтегілерінің қолы және мөрінің үлгісі бар екі карточка (нотариалды түрде куәландырылған)

· Кәсіпорынды салық алу үшін есепке алынғандығы туралы салық инспекциясының арықтама қағаз;

· Статистикалық ұйымдардың тіркеу карточкасы.

Жоғарыда аталған барлық құжаттар заңгер кеңесшіге немесе банктік бас бухгалтеріне тапсырылады.Құжаттарға тиісті сараптау жүргізілгеннен кейін , банк кәсіпорынға есеп айырысу шотын ашады.Есеп айырысу шотының ашылуы кәсіпорын банк арасындағы есеп айырысу –кассалық қызмет көрсету туралы келісім шартқа отыру негізінде жалғасады.

Аталған келісім шартқа сәйкес, банк кәсіпорынға тиісті нормативтік құжаттарға байланысты уақытылы кешенді түрде есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге байланысты клиент шотына түскен қаражатты сақтау және клиенттің бірінші талабы бойынша беру;клиенттік шаруашылық қызметі туралы ақпаратты құпия етуге;клиент операциялары бойынша коммерциялық құпияны сақтауға байланысты міндеттемелерді өзіне алады.Сондай-ақ клиентке есеп айырысу және кассалық операциялардың жүзеге асырылу тәртібін реттейтін ,нормативтік актілердің талаптарын орындауға ,барлық ақшалай қаражаттарын банктегі шотында сақтауға ;белгіленген мерзімде банкке бухгалтерлік және статистикалық есеп беруге шотты жабуы туралы банкке алдын ала хабарлауға міндеттеме алады.

Қаншалықты есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету арқылы болғандықтан ,келісім шартта көрсетілетін қызметтің құны және ол үшін есеп айырысу тәртібі туралы арнайы бөлім қарастырылады.Көбіне, келісім-шарттарда шот ашу үшін ақы төлеу, есеп айырысу шоты бойынша операциялары үшін комиссиондық ақы , клиенттерге кассалық қызмет көрсеткені үшін төленетін ақы қарастырылады.Кейбір банктер бұл бөлімге , сондай ақ есеп айырысу шотындағы қаражат қалдығы үшін төленетін пайыз мөлшерін де қосады.

Есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуде жасалған келісім шартта міндеттемелерді екі жақтың орындалғаны үшін жауапкершілігі де көзделеді. Мысалға ,банк клиент шотынан тиісті соманы аударғаны үшін жауапкершілік алса , ол клиент банкке шот ашу үшін берілген құжаттардың туралығы ;алдағы тоқсанда кассалық болжамды уақытылы бермегені үшін ; банк көрсеткен қызметтерді төлеу мерзімінің бұзылғаны үшін ;т.с.с.жауапты болып табылады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне ,төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:

· Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

· Төлем талабы –тапсырмаларымен есеп айырысу;

· Аккредитив арқылы есеп айырысу формасы;

· Чек арқылы есеп айырысу;

· Вексель арқылы есеп айырысу.

Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы келісім-шартпен анықталуға тиіс.

Есеп айырысу формасын таңдау мынадай жағдайларда анықталады.

· Контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;

· Жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;

· Мәмілеге қатысушылардың мекен - жайымен;

· Жүкті тасымалдау тәсілімен ;

· Заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.

Формаларды таңдауда есеп айырысуда жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы-клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы қызмет көтеруші банкке берген тапсырмасын білдіреді.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады:алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер,салықтық төлемдер , банкке комиссиондық және т.б төлемдер)бойынша , жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлы және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге ,аванстық төлемдер бойынша.

Төлем талап-тапсырмасы.Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы ,біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын.Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы- жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған , жөнелтілген өнім ,атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.

Аккредитивтік есеп айырысу формасы . Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды,бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы болып табылады.

Аккредитив-бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының)банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк ,клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса,онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив”жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің келесідей түрлері бар:

· өтелген және өтелмеген

· қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған)-бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитивін білдіреді.

Өтелмеген (кепілденген)-бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Чекпен есеп айырысу.Чек- бұл шот иесінің , яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға (қаражат алушыға)төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.