Ақша өзінің материалдық - заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесіктері айналымға түскен.Дегенмен жаңа дәуірге дейін 13 ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка - жарты фунт деген ұғым.
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған ( шыбық, сым,табақша және т.б).Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасында көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды.Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын ,массасын, типін, ремедиумын, эмиссия ережесін және т.с.с.бекітеді. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын - реверс, жиегін – гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді.Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монетада соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Толық құны жоқ ақша деп монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз.Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке өте пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
20 ғ 70- жылдары алтынға деноминация жүргізілді.Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымына айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Металл ақша айналысының обьктивті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып ақшаның толық құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты.Сөйтіп қағаз ақша ( декретные деньги -өкілеттің қаулысымен қабылданған - заңды ақша) - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде солардың орнына пайда болды. Қағаз ақшаның өз құны жоқ себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады.Ол толық құны жоқ ақша.Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаны сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды.Айналыстан тыс қағаз ақша –керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет етсе,ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көптеген құны қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді.Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталады.Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады.
Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) –Қаржы министірлігі (қазынашылық),немесе мемлекеттің Орталық банкі.Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады.Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді,яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаны көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс – мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді.
-бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
-әскери және басқа өндірістік емес шығындар;
-еңбек өнімділігінің кұлдырауы;
-тауар массасының төмендеуі;
-пассивтік төлем балансы;
-ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі,т.б.
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақынын, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі шарықтай береді.Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының,зейнетақы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.
Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.
Сонымен қатар, қолма-қол ақша айналысына несие ақшалардың келесі түрі - банкнота жатады. Ол 17 ғ аяқ шенінде пайда болған.Коммерциялық вексельдің айналым шегі банкнота шығарумен ұзартылады. Банкнота - әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.
Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета иесі өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан сынамасын анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат - банкнота толтырып береді.Банкнота алтынға тең , себебі кез-келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға болады.Банкнота- қолдануға ыңғайлы ақша.Шын мәнінде банкнота –банк жазып берген вексель.
1.2Қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу қағидалары, формалары.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы қолма-қолсыз ақшалар - чектер , пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары ( депозиттер).
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады.Ақшалай есеп айырысудың өзі екі формаға: қолма-қол ақшамен есеп айырысу және қолма- қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып , есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
-өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
-ұлттық табыстарды бөлу және қайта бөлуде;
-банк несиелерін алу және қайтаруда;
-Бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
-халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
-басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемелекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар мен төлемдердің іске асатын орны Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.