2007 жылдың ішінде әуежаймен 109,9 тонна пошта жүгі жөнелтілді, ол 2006 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық.
Ұшақпен ұшу саны 2007 жылы 1891 бірлікті құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 346 бірлікке артық.
2008 жылы 150 тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр, ол 2007 жылмен салыстырғанда 36,5% - ға артық, 55 мың жолаушыны ашу жоспарланып отыр, ол 2007 жылға қарағанда 16,8 пайызға артық.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск бағыттарына рейстерді қайта жіберу арқылы жолаушыларды жіберу мен ұшақпен ұшуды көбейту жоспарланып отыр.
Телефондандыру. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың жергілікті телекоммуникация желісі 304 стансадан тұрады (54 ҚТС және 250 СТС). Селода координаттық түрдегі 152 АТС және 98 электрондық стансасы пайдаланылады. Қостанай ОТД желісінде ДАМА 20 спутникалық жүйе және мәліметтерді беру үшін екі SkyStar және 8 бірлік SkyEdge спутникалық жүйе жұмыс істейді. Қостанай ОТД – да барлығы 20 байланыс объектісі бар, оның ішінде 4 қалалық және 16 селолық.
2006-2007 жылдары ішінде жүйені дамыту бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:
облыстың қалалары мен аудандарында номерлік көлемді 8592 номерге дейін ұлғайту жұмысы іске асырылды;
Жангелдин ауданының телефондалмаған ауылдық елді мекендеріне телефон орнатылды: спутникалық SkyEdge PRO жүйесі арқылы Бидайық ауылында, Ошағанды, Ұзынқарасу ауылдарында (радио ұзартқыш қолданылуымен) телефон орнатылды;
Аркалық – Торғай ЦРРЖ (цифрлық радиорелейлік желісі) Торғай өңірінде халықаралық және қала аралық байланысының мәлімет жіберетін қызмет сапасының жақсаруына әсер етті.
Қостанай облысының елуден астам адамдары бар ауылдық елді мекендерінде 100 пайызға телефондандырылды.
2007 жылдың басында жобаның АИС (ақпараттық және байланыс агенттігі) «Сайлау» жабдықтарының жинақталуы аяқталды және сынақтан өткізілді, бұл облыстың аудан орталығына кең ауқымды Интернет жүйесін пайдалануға мүмкіндік жасап, коммерциялық пайдалануға (Карамеңді, Силантьев селоларынан басқасында - бұл елді мекендер сәл кешірек қосылады) берілді.
2007 жылдың қараша айында Қостанай қаласында, желтоқсанда Рудный қаласында WLLCDMA технологиясы бойынша сымсыз байланыс жабдығы пайдалануға іске қосылды, қазіргі уақытта қала тұрғындарына аталған технологияны қолданып, телефон орнатуда.
2007 жылы негізгі телефон аппаратының саны 204530 дананы құрады, ол 2006 жылмен салыстарғанда 7,8 % - ға артық.
2008 жылы телефон аппаратының санын 217547 данаға дейін көбейту жоспарланып отыр, ол 2007 жылмен салыстырғанда 6,4 % - ға артық.
2007 жылдың 1 қаңтарынан халықаралық байланыс қызметі алыс шет елдеріне тариф бағасы орташа 50 пайызға төмендетілді.
2007 жылдың ақпан айында кең ауқымды Интернет жүйесі «Megaline Hit» пайдалану тариф бағасы 23 пайызға төмендеді. Бүгінгі күні бұл тариф облыс тұрғындарына НДС-сіз 3600 теңгені құрады. «Қазақстандық Интернет» Қазақстанның мемлекеттік мектептеріне ақысыз пайдалануына беріледі.
Пошта. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Қазпошта» АҚ Қостанай филиалында пошта байланысының 27 қалалық және 18 аудандық жүйесі, пошта байланысының 192 ауыл бөлімшесі және 4 жылжымалы бөлімшесі жұмыс істеп жатыр.
2007 жылдың ішінде 2583 мың дана ақылы жазба хаттамасы өндірілген, ол 2006 жылмен салыстырғанда 4,6 есе артық немесе (125 мың данаға).
Посылка көлемі 53 мың данаға жетті, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 35,9 пайызға өсті, өсу көлеміне AVON посылкаларының және «Баспа Ридерз Дайджест» ЖШС-нің шарты бойынша тапсырысты жөнелтуінің өсуі себеп болды.
Мерзімдік басылымдар көлемі 9,751 млн. дананы құрды ол 2006 жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға көп. Ресей Федерациясының баспаларымен жаңа шарт жасасуы және 2007 жылдың жарты жылдық жаңа шығаруына жазылуы, осы әрекеттердің бәрі мерзімдік басылымдардың көлемін өсірді.
2006 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу 26,6% - ға көбейді, ол бір реттік жәрдемақының көбейтілуіне байланысты (бала тууына және Семей полигонында зардап шеккен адамдарға).
2008 жылы зейнетақы мен жәрдемақыны 15% - ға көбейту, мерзімдік басылымдарды 1,9% - ға, жазба хаттамаларды 10,9% - ға көбейту жоспарланып отыр.
1.1.9. Сыртқы экономикалық қызмет
2007 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2409,9 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдан 35,6%-ға жоғары. Сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт жеткізілімі көлемінің өсуі әсер етті. 2008 жылы 2007 жылға қарағанда сыртқы экономикалық іс-әрекет көлемінің 29,5%-ға өсуі күтілуде.
2007 жылы сауда балансының оң айырмасы 373,7 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. 200 жылы сауда баланысының айырмасы оң болады деп күтілуде –1053,5 млн. АҚШ доллары.
2007 жылы экспорт 1391,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2006 жылдан 36,2%-ға жоғары. Экспорт көлемі негізінен ұнның – 2,2 есе, астық дақылдары өнімінің 1,8 есе, асбест және темір кені өнімінің, тиісінше, 17,5%-ға және 11,4%-ға көбеюі арқылы өсті.
Соңғы жылдары экспорт жалпы көлемінің өсуінде тауар құрылымының негізгі жасаушысы өзгеріссіз қалып отыр және шикізат бағытына ие.
Облыс экспортының негізін төрт тауар топтары құрады: темір кен өнімі (56,9 пайыз), астық дақылдары (21,4 пайыз), ұн (10,5 пайыз), асбест (2,5 пайыз). Облыс өнімі Ресей Федерациясы, Қытай, Германия, Италия, Ауғанстан, Иран, Туркия және басқа мемлекеттерге экспортталады, барлығы 44 мемлекет.
2008 жылы экспорт 2086,6 млн. АҚШ доллары немесе 2007 жылмен салыстырғанда 150% болады деп күтілуде.
Темір кені өніміне жеткілікті сұраныс тұрақты сақталады. 2007 жылы ол 792 млн. АҚШ долларға шығарылған. 2008 жылы темір кені мен шекемтастар экспортының 41,8%-ға өсуі жоспарланады, 2007 жылға қарағанда көлемі 1123,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Ресей мен Қытай кен және шекемтастардың тұтынушылары болып табылады. Темір кен өнімінің экспорттық жеткізілуін «ССГПО» АҚ жүзеге асырады.
2007 жылы асбест экспорты 35,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы асбест жеткізілімдері 27%-ға өсіп 44,8 млн. АҚШ долларын құрайды. Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Тәжікстан, Үнді, Қытай және Иран бұл өнімнің негізгі тұтынушылары болып табылады. Асбест экспорт жеткізілімін «Костанайские минералы» АҚ жүзеге асырады.
2007 жылы астық дақылдары экспортының көлемі 298,2 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы бидай экспортын 42,5%-ға көбейту жоспарланады, 2007 жылмен салыстырғанда көлемі 425 млн. АҚШ долларын құрайды. Негізінен, астық дақылдары экспорты Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Өзбекстан, Түркия, Италия, Испания, Греция және Индия сияқты жиырма тоғыз елге жасалады. 2008 жылы жоғарыда айтылған елдер тұтынушы болып қалады.
Ұн экспорты 2007 жылы 145,6 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы 2,2 есеге өсіру жоспарланады, жеткізу көлемі 319 млн. АҚШ долларын құрады. Негізгі тұтынушылары Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ауғанстан болып табылады.
2007 жылы барлық экспорт жіткізілімдерінің 62,3%-ы ТМД елдеріне келеді.
Ресей Федерациясына экспорт жеткізілімдерінің үлесі экспорт жалпы көлемінің 47 пайызын құрайды. Ресей Федерациясынан басқа негізгі тұтынушыларға Өзбекстанды (3,9 пайыз), Тәжікстанды (3 пайыз), Әзербайджанды (2,1 пайыз), Молдова (1,3 пайыз) жатқызуға болады. 2008 жылы ТМД елдерімен сыртқы сауда іс-әрекетінің басым бөлігі сақталады.
Азия елдері ішінен Қытай, Ауғанстан, Индия, Туркия, және Йеменмен қарым – қатынастар өте серпінді дамып келе жатыр. Кеден статистика мәліметтері бойынша 2007 жылы экспорттағы азия елдерінің үлес салмағы 26,3 пайызды құрайды.
Еуропа елдеріне экспорттық жеткізілімдерінің 5,8 пайызы, оның ішінде ЕО елдеріне 3,7 пайыз жасалады, соның ішінде Германия – 1,9 пайыз, Италия – 1,1 пайыз ең үлкен үлес мөлшеріне ие.
2007 жылғы импорт түсімі 1018,1 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдан 34,9 пайызға жоғары. Тауарларды әкелу көлемі, қара металдар және одан жасалған өнімдер жеткізілімдерінің – 1,6 есе, мұнай өнімдерінің және жабдықтардың – 1,4 есе, резинке бұйымдары (шина) және қанттың - 1,3 есе, медикаменттердің – 15,6 есе көбеюі арқылы өсті.
2007 жылы импорт өнімінде жабдықтар (жалпы импорт көлемінде 16,7 пайыз), көлік құралдары (13,7 пайыз), қара металдар және одан жасалған бұйымдар (8,4 пайыз), мұнай өнімдері (6,2 пайыз), медикаменттер (4,8 пайыз) жеткізілімдері басым болды. 2008 жылы күтілетін импорт өнімінің көлемі 1033,4 млн. АҚШ долларын немесе 2007 жылға 101,5 пайыз құрайды.
2007 жылы импорт көлемінде ТМД елдерінің үлесі 63,1 пайызға жетті, оның ішінде Ресей Федерациясынан 518,1 млн. АҚШ долларына (50,9 пайыз) тауар мен өнім жеткізілген. РФ-нан тағам өнімдері, жабдықтар, көлік құралдары, қара металдар және одан жасалатын бұйымдар, медикаменттер және тағы басқалар жеткізілді.