«Иволга -Холдинг» ЖШС құрамына кіретін «Агротехмаш» механикалық зауыты 5 кластағы «К -744» (Казахстанец) тракторларын құрастырды, 2007 жылы 48 трактор құрастырылды. Жаңа трактордың құны 16,2 млн. теңге тұрады. 2008 жылы 360 трактор құрастыру жоспарланып отыр.
Қостанай дизельді зауыты «Енисей» астық жинаушы комбайнін құрастыру бойынша жобаны іске асыруға қатысады. 2006-2007 жылдары 550 бірлік жиналды. Қостанай Енисейінің құны 8 млн. теңге көлемінде тұрады. 2008 жылы 700 комбайн құрау жоспарлануда.
Қайта өңдеу.Облыста 80-ден астам орта және ірі (қуаттылығы тәулігіне 5343 тоннаға дейін шикізат беретін) ұн тартатын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұлардың қуаттылығы жылына 1 млн. тонна астықты өңдеуге мүмкіндік береді, 95 пайыз өндірістік мүмкіндіктер пайдаланылады.
2007 жылы 705,1 мың тонна ұн өндірілді (2006 жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға өсті), астықтың 1 млн. тоннадан артығы қайта өңдеуден өтті.
Ірі ұн өндірушілер: (тәулігіне 150 тоннадан артық): «Костанайский мелькомбинат»АҚ, «Иволга» ЖШС, «Тобол-Агро» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Вадиса М» ЖШС, «Сарыбай» ЖШС, «Романа» ЖШС ҰК, «Казмельмаш» ЖШС. Облыста жарма өндіру бойынша 6 цех жұмыс істеуде (негізгі өндірушілер - «Челгаши» ЖШС, «Юлиана» ЖШС, «Иволга» ЖШС, «Фабрика круп» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Диевское» ЖШС), макарон өнімдерін шығаратын 15 тұрақты қызмет ететін (қуаттылығы тәулігіне 5 тонна) цех бар (негізгі өндірушілер - Рудный қ. «Злак+М» ЖШС , «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Карина 2000» ЖШС). 2007 жылы 2986 тонна жарма (өткен жылдың көлемінен 6,4 пайызға артық), 9631 тонна макарон өнімдері (72 пайызға артық) өндірілді.
Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеумен Қостанай қаласының «Сябры» ЖШС-і («Иволга» ЖШС-і) айналысады.
Облыста ет өнімдерін шығаратын 48 цех бар. Оның ішінде ет консервілерін өндірумен 4 цех, шұжық өнімдерімен - 34 цех, мал союмен - 10 цех тұрақты айналысады, бір ауысым қуаттылығы (ет өндіру есебі) 108 тоннаны құрады.
Ірі «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС және «Карасу» СӨК, Қарасу ауданының «Ердусинов» ЖК шұжық және ет өнімдерін өндірушілері «Халал» маркасымен мал союды ұйымдастырды.
Қостанай шұжық және ет өндірушілерінің өнімдері облыс тұрғындарының және және облыстан тыс жерлерде де сұранысқа ие болып отыр. Батыс Қазақстан рыноктары, Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері игерілуде.
Ет дайындау бойынша 183 пункт жұмыс істейді, оның 32-сі стационарлық болып табылады.
14 кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 668 тонна сүт өнімін өндіреді, олардың ішінде ірілері: «ДЕП» ЖШС, «Космис» ЖШС, «Милх» ЖШС және т.б.
Сүт өнімінің 250-ден астам ассортименті шығарылады.
Облыстан басқа Қарағанды, Астана, Батыс Қазақстан өңірлері де сүт өнімінің негізгі рыноктары болып табылады. Ресей Федерациясының шекаралық өңіріндегі әлеуетті рыноктары игерілуде.
Облыс дайындау желісі сүт сатып алатын 192 пункттен тұрады, соның ішінде 52-сі стационарлық болып табылады және 270-тен астам елді мекенді қамтиды.
Ірі тері шикізатын қайта өңдеумен «Рудный былғары заводы» ЖШС-і айналысады. Заводтың өнімі Германия, Италия, Украинаға экспортталады.
«Қостанай иленген аяқ киім фабрикасы» және «Қостанай жіп иіру-мата фабрикасы» ЖШС-тері жүнді қайта өңдеумен айналысады.
2007-2008 жылдары 16 қайта өндіру кәсіпорындарында халықаралық менеджмент жүйесінің ИСО және ХАССП стандартары енгізілді: ұн, жарма, макарон өнімдерін өндіру бойынша – «Асалия» ЖШС, «Диевское» ЖШС, «АҚ -бидай» ЖШС ҰК, астықты сақтау және қайта өңдеу - 8 кәсіпорын, сүтті қайта өңдеу - «ДЕП» ЖШС, «Космис» ЖШС және «Милх» ЖШС-тері, ет қайта өңдеу бойынша - «Казагрос» ЖШС СӨК.
Қайта өндіру саласындағы 10 кәсіпорнында халықаралық ИСО стандартарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өңір тұрғындарына басы артық шикізаттарды тиімді бағаға делдалсыз өткізуге жәрдем беру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі ауыл тұтынушылары кооперативтері (АТК) құрылуда.
АТК жасаған жобаларды іске асыруға «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы (5-7 жыл мерзімге жылына 5 пайызбен) 664,3 млн. теңге сомасына жабдық пен техниканы сатып алу үшін кредит алынды.
Қарабалық ауданында – «Сүт стандарттары» (сүт дайындау және өңдеу), Жангелдин ауданында – «Ақбота Торғай 3» (ет дайындау), Сарыкөл ауданында – «Сарыкөл-агро» (құрама жем өндіру) ауыл тұтынушылары кооперативтері құрылды.
1.1.8. Көлік және коммуникация
Автомобиль жолдары.2008 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9514,2 км құрады, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1 407,9 км, облыстық маңызы бар – 2 208,6 км, аудандық маңызы бар – 5 897,7 км.
2007 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру, қайта жаңарту, жөндеу және автомобиль жолдарын қалпында ұстау жұмыстары 2808,1 млн. теңге жалпы сомасында орындалған.
2007 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында аумақтық бағдарламаға сәйкес автомобиль жолдарын қалпында ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстар 2694,7 млн. теңге жалпы сомасында немесе 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артық орындалған.
2007 жылы барлығы 142 км автомобиль жолдары қалпына келтірілген, соның ішінде республикалық маңызы бар - 110,8 км және жергілікті маңызы бар – 31,2 км.
2008 жылы барлығы 129,9 км автомобиль жолын қалпына келтіру жоспарланып отыр, оның ішінде республикалық маңызы бар – 99 км және жергілікті маңызы бар – 30,9 км. Автомобиль жолдарын қалпына келтіру, жөндеу және қалпында ұстау бойынша жұмыстарын 4925,3 млн. теңге жалпы сомасында орындау көзделіп отыр, соның ішінде республикалық маңызы бар – 1538,4 млн. теңге, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 3386,9 млн. теңге.
Автомобиль көлігі. Жүкті тасымалдауда автомобиль көлігі маңызды орын алады.
2007 жылы ішінде автомобиль көлігімен 177,2 млн. тонна жүк тасымалданған, ол 2006 жылдың көлемінен 8,8 млн. тоннаға немесе 5,2 пайызға артық.
2007 жылы автомобиль көлігінің қызметін 1040,8 млн. жолаушы пайдаланған, ол 2006 жылмен салыстырғанда 32,9 миллион жолаушыға артық.
2008 жылы жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі 180,7 млн. тоннаға дейін немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көбейтілуі күтіліп отыр. 2008 жылғы жүк айналымы 2,4 %-ға, жолаушылар айналымы – 1,4 %-ға, жолаушыларды тасымалдау - 0,3 %-ға дейін көбейтілуі күтіліп отыр.
Темір жол көлігі. 2007 жылы жүк айналымының жоспары 102 %-ға орындалған, 2006 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 11,4 %-ға өсті. Тасымалдау көлемінің өсуіне Арыстансор-Әйтеке-Би жаңа желінің жұмысы негізгі рөл атқарды.
Локомотивтің (100,1 %) және вагонның өнімділігі (103,7 %) сияқты көрсеткіштерді орындау жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын көрсетеді, жұмыс вагонының айналымы берілген жоспардың шегінде орындалған.
(Алтынсарин-Хромтау) жаңа бағыт бойынша 2007 жылы жүк тасымалдау көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көбейтілді. Жүк тасымалдаудың өсуі пойыздарды батыстан шығысқа және шығыстан батысқа Қостанай бөлімшесі арқылы жіберу есебінен көбейтілді.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда темір жол көлігімен жүкті тасымалдау 7,7%-ға көбейту және оны 35 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Жүк айналымын 7,9%-ға, жолаушылар ағымын 1,9%-ға, жолаушыларды тасымалдау 1,7 %-ға көбейту жоспарланып отыр.
ҚР Көлік стратегиясын іске асыру жоспарына сәйкес Қостанай-Железорудный (ұзындығы 48 км) темір жол учаскесін электрлендіру жөнінде іс-шаралар әзірленіп отыр, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 2008 жылы қаржыландыру және құрылыстың басталуы жоспарланып отыр.
2008 жылға әлеуметтік маңызды Қостанай-Жітіқара маршрутын қаржыландыруға облыстық бюджет қаражатынан 42729 мың теңге бөлінді.
Әуе көлігі. Жолаушыларды жіберу 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 6390 адамға көбейді, оның ішінде: Қазақстан Республикасы бойынша жолаушыларды жіберу 8909 жолаушыға немесе 42,9 % өсті, Таяу және Қиыр шет елдерге 2519 жолаушыға немесе 14,5 %-ға қысқарды. Бұл өсуге себеп болған «Скат» авиакомпаниясымен орындалған Қостанай-Алматы-Қостанай маршруты бойынша рейстердің көбейтілуі, сондай-ақ «Эйр Астана» авиакомпаниясымен орындалатын «Астана-Қостанай-Астана» маршруты бойынша рейстердің көбейтілуі. Таяу және алыс шет елдерге жолаушылар баруының қысқаруына «Эйр Астана» компаниясының техникалық мүмкіншілігі болмағандықтан жолаушыларды Қостанай-Ганновер маршрутымен тасымалдай алмауы басты себеп болды.