Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 5 из 32)

Облыстың селолық елді мекендерін электр энергиясымен жабдықтауды облыстың солтүстік өңірінде 14 ауданға қызмет көрсететін «Костанайский Энерго Центр» ЖШС және Амангелді және Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Костанайюжэлектросервис» МКК жүзеге асырады.

220-35 кВ желісі бойынша электр энергиясын беруді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, Рудный қаласы бойынша «Жарық жол» ЖШС жүзеге асырады.

Облыста энергиямен жабдықтайтын бір ұйым (ЭЖҰ) жұмыс істейді. Ол «Рудненская ЭСО» ЖШС. Бұл кәсіпорын өз қызметін Рудный қаласының шегінде атқарады. 2006 жылы серіктестік 99398 мың кВт.с. электрэнергиясын іске асырды, 2007 жылы – 106372 мың кВт.с.

Облыстың энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарының қарамағына 29,1 мың км электр желілері, 326 қосалқы станциялар, 1,06 мың км кәбіл желілері, 5368 таратушы және трансформаторлы қосалқы станциялары кіреді.

Облыста «Қостанай облысының 2008 – 2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.

Электр энергетика саласында іс – шараларды іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің қаражатынан 41,1 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

жаңа қуаттың енуін ескере отырып Қостанай облысында 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін электр желілерін дамытудың жүйесі мен жоспарын әзірлеуге – 22,8 млн. теңге;

«Ұзынкөл ауданы Троебратский селосында ӘЖ 10-0,4 кВ жаңарту» жобасы бойынша – 16,1 млн. теңге игерілді;

«Арқалық қаласында КЖ 10-0,4 кВ жаңарту» жобасын әзірлеуге – 2,2 млн. теңге.

Жылумен жабдықтау.Қалаларды жылумен жабдықтаудымына субъектілер жүзеге асырады: Қостанайда - «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК; Рудныйда - «Рудный ЖЭО» АҚ; Арқалықта – «Арқалық ЖЭО» МКК; Жітіқарада – «Житикаракоммунэнерго» МКК; Лисаковта «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКК ӨШБ.

Ағымдағы жылы «Қостанай облысының 2008-2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында «КВ-ГМ-100 ст.№ 4 су жылыту қазанын қондырып Қостанай қаласы әкімдігінің «ҚЖЭК» МКК № 3 қазандықты кеңейту» жобасын іске асыру басталды. 2008 жылға жергілікті бюджеттен 185,2 млн. теңге бөлінді.

«Қазақ Сантехжобасы» ЖШС институтымен «Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін жылумен жабдықтаудың даму жүйесі» әзірленуде оған 10,0 млн. теңге бөлінді.

«Қостанай қаласында 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін жылумен жабдықтаудың даму жүйесін» әзірлеуге келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, жергілікті бюджеттен 40,86 млн. теңге бөлінді.

Газбен жабдықтау.Облыстың қолданыстағы газ құбырлары желісінің бүгінгі таңда 680 елді мекеннен тек 55-ін ғана табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, оның ішінде 4 қала мен Алтынсарин, Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Таран аудандарындағы 51 елді мекен. Қалған аудандарда тұтынушылардың коммуналдық – тұрмыстық қажеттіліктері үшін сұйытылған көмірсутекті газ, электр энергиясы, қатты және сұйық отындар пайдаланылады.

Табиғи газды тұтыну көлемі 2007 жылы 861,84 млн. текше метрді құрады, бұл 2006 жылға қарағанда 2,8 пайызға жоғары.

Облыста табиғи газды тұтынудың жоспардағы көлемі 2008 жылы 900,87 млн. текше метрді құрайды. Табиғи газды жеткізудің келісімшарттары 2008 жылдың соңына дейін жасалынған.

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы магистралды және таратушы газ құбырларының ұзындығы 2491,4 километрді құрады, оның ішінде: магистралды – 576,5 километр, таратушы – 1914,9 километр.

Соңғы үш жыл ішіндегі динамикадағы таратушы газ құбырларының ұзындығы кестеде көрсетілген.

Таратушы газ құбырларының

ұзындығы, км

Мерзімдер бойынша:

2007 жыл

2006 жылға,

%

2006 жылғы

1 қаңтар

2007 жылғы

1 қаңтар

2008 жылғы

1 қаңтар

1755,2 1808,2 1914,9 109,1

Бюджеттің, халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен газ желілерін салу газ құбырлары ұзындығының өсуін қамтамасыз етеді.

Облыста «Қостанай облысын 2007-2009 жылдары газдандыру» өңірлік бағдарламасы жұмыс істеуде.

Бағдарламаны іске асыру аясында 2008 жылы бөлінген 3315,0 млн. теңгенің 529,33 млн. теңгенсін игеру жоспарлануда, оның ішінде 393,578 млн. теңге республикалық бюджет қаражатынан, 135,752 млн. теңге жергілікті бюджеттен.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар мына жобалар бойынша жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеуге және түзетуге бағытталды:

«Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде газ құбыры желілерін салу (АОА ауданы)»;

«Перелески – Денисовка» магистралды газ құбыры тармағын салу»;

«Қостанай облысы Қамысты ауданының Қамысты селосын газбен жабдықтау үшін «Бұхара – Орал» магистралды газ құбырынан газ құбырының тармағына жобаланған газ құбыры тармағы мен АГТС қосу».

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар мына жобалар бойынша жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеуге және түзетуге бағытталды:

«Қостанай қаласы, Бородин – Баймағамбетов, Гагарин – Сай көшелерінің шекараларында газ таратушы желілерін салу»;

«Таран ауданы Тобыл кентіндегі аз қабатты құрылыстар үшін газ құбырын салу;

«Қарабалық ауданы Научное селосында Тимирязев, Советская, Савостин және 1 Май көшелеріндегі тұрғын үйлерді газбен жабдықтау;

«Қостанай қаласының Сьянов – Победа, Сьянов – Рабочая, Сьянов – Пушкин көшелері қиылысының ауданында үш қолдаушы ШГРП салу»;

«Қостанай қаласының Элеваторная көшесі - Комаров қиылысының бойында қолдаушы ШГРП қондырғысымен жоғары қысымды газ құбырын салу;

«Қостанай қаласының Павлов-Қайырбеков көшелері қиылысының ауданында ШГРП қондырғысымен орта қысымды газ құбырын салу».

Бұдан басқа 42,5 млн. теңге сомасына газбен жабдықтау желілерін салудың техника – экономикалық негіздемесін әзірлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар мына объектілер бойынша бағытталды:

«Рудный қаласы – Қашар кенті – Федоров селосы магистралды газ құбырын салу»;

«Қамысты ауданының Қамысты селосында газ таратушы желілерін салу»;

«Рудный қаласының Қашар кентінде газ таратушы желілерін салу»;

«Денисов ауданы Денисов және Некрасов селоларында газ таратушы желілерін салу»;

«Рудный қаласының Перцев селосын газдандыру үшін жоғары қысымды газ құбырын салу (түзету);

Облысты сұйытылған газбен жабдықтау 2008 жылдың ішінде қажетті көлемде жүзеге асырылды. Облыс рыногында сұйытылған газды тұтынушыларға сататын жеке меншік иелігіндегі 5 ұйым жұмыс істейді.

1.1.6. Құрылыс

Құрылыс көлемінің артуы облыстың құрылыс индустриясының дамуына қолайлы әсерін тигізді.

2007 жылы 457 мың тонна әктас пен гипс, 252,2 мың куб метр табиғи құм, 1296,7 мың куб метр қиыршықтас пен малтатас шығарылды, 292,6 мың тонна асбест, 262,9 мың тонна тауарлық бетон, 14,9 мың тонна отқа төзімді керамикалық бұйымдар, 17875,8 мың шаршы метр тұсқағаздар, 17,7 мың шаршы метр терезелер, есіктер және олардың ағаш рамалары, 654,8 тонна есіктер, терезелер, есік және терезе рамаларына арналған пластмассадан жасалған қораптар өнідірілді.

2007 жылы Қостанай облысының құрылыс индустриясында келесі инвестициялық жобалар іске асырылады:

базальт негізінде минералды мақта жылытқыш өндіру бойынша зауыт салу. Жоба «Термо Мастер» ЖШС (Азия-Керама) базасында іске асырылды. Зауыт 2007 жылдың 22 желтоқсанында ашылды. Узкая колея ауданында өндірістік үй-жайлары қайта жаңартылды. 3695 миллион теңге кредиттік қаражаттар және 555 миллион теңге меншікті қаражаттар игерілді, 86 жұмыс орындары құрылды;

страмиттік панельдер мен жеңіл жұқа қабырғалы құрылымдар жасау бойынша зауыт салу. «Доступное жилье» АҚ базасында іске асырылды. Зауыт 2007 жылдың сәуір айында ашылды. 1300 миллион теңге игерілді, 115 жұмыс орындары құрылды;

қиыршықтасты өндіруді ұйымдастыру. «Жұлдызай-КФ» ЖШС (Арқалық қ.) базасында іске асырылды. 63,0 миллион теңге игерілді, 19 жұмыс орындары құрылды;

кірпіш зауытын салу және «сэндвич»-панельдерді өндіру. «Тобол Керамик» ЖШС базасында іске асырылды. «Сэндвич»-панельдерді өндіру бойынша желі ашылды. Кірпіш зауытын ашу 2007 жылы жүзеге асырылды. 670 миллион теңге игерілді. 55 жұмыс орындары құрылды;

кірпіш зауытын қайта жаңарту. Жоба «Тогай группа» базасында іске асырылды. Газ құбырының күрделі жөндеуі өткізілді. Техника алынды. 122,4 миллион теңге игерілді, 130 жұмыс орындары құрылды;