Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 4 из 32)

1.1.5. Өнеркәсіп

2007 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісімен 579 кәсіпорындары айналысты, соның ішінде 99-ында - адам саны 50-ден астам.

2007 жылы өнеркәсіп өнімі 232,2 млрд. теңгеге (2006 жылға 133,2 пайыз) өндірілді, ал нақты көлем индексі 2007 жылға 108,1 пайызды құрады.

Тау-кен өндіру саласындағы өндірістің нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады; өңдеу өнеркәсібінде – 121,4, электр қуаты, газ бен су өндірісі және оларды тарату 104,8 пайызды құрады.

Облыстың өнеркәсіп көлемінде тау-кен өндіру саласының үлес салмағы 55,4 пайызды құрады, өндеу өнеркәсібінің үлесі – 34,8, электр қуаты, газ бен су өндірісі және тарату – 9,8 пайыз.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі. 2007 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары 128,8 млрд. теңгеге (2006 жылға 125,2 пайыз) өнім өндірді, 2008 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 203,1 млрд. теңгені немесе 2007 жылға қарағанда 157,7 пайызды құрады.

Облыста 11 тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары қызмет етуде. 2007 жылдың қырқүйегінде Таран ауданында «Варвары» алтынмыс кен орны ашылуына байланысты АО «Варвары» қайта өңдеу кешені іске қосылды. 2007 жылдың 22 желтоқсанында «Доре» алтын қосылымының бірінші құюы іске қосылды. 2008 жылы кәсіпорында 20 мың тонна мыс концентратын шығару жоспарлануда.

Қамысты ауданындағы «Шаймерден» акционерлік қоғамында 2006 жылдың желтоқсанынан бастап мырыш кенін өндіру жүргізілуде.

Өңдеу өнеркәсібі. Өөдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 2007 жылы 80,8 млрд. теңгеге ( 2006 жылға 154,2 пайыз) өнім өндірді, 2008 жылы жоспарланған көлем 101 млрд. теңгені немесе 2007 жылға қарағанда 125 пайызды құрайды.

Азық-түлік өнеркәсібі.Өңдеу өнеркәсібі құрылымында азық-түлік өнімдері өндірісі 62,9 пайызды құрады.

2007 жылы азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары 50,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 50,4 пайызға жоғары. 2008 жылы азық –түлік өнеркәсібінде жоспарланған өндіріс көлемі 61 млрд. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 119,8 пайызды құрайды.

2007 жылы шұжық, сүт өнімдері, ұн, жарма, нан, шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, макарон және кеспе, сыра, алкогольсіз сусындар өндірісінің көлемі өсті.

Машина жасау.2007 жылы облыстың машина жасау кәсіпорындары 11,2 млрд. теңгеге, немесе алдағы жылдан 75,6 пайызға артық өнім өндірді, соның ішінде жабдық және машина жасау 2,5 есеге өсіп, 7,5 млрд. теңгені құрды. Облыстың өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі машина жасау 2007 жылмен салыстырғанда 4,8 пайызды құрады.

2007 жылы облыстың машина жасау саласының көрсеткіштеріне «Агромаш Холдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «Дон-Мар» ЖШС және басқалары оң әсерін тигізді.

2008 жылы машина жасау өнімінің өндірісін 13 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2007 жылғы деңгейдің 116,2 пайызын құрайды.

Бүгінгі таңда облыста ауыл шаруашылығын қажетті топырақ өндеу техникасымен, жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен, тораптармен, және агрегаттармен қамтамасыз етуге бағытталған 40-тан астам машина жасау және жөндеу кәсіпорындары бар. Ауыл шаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың 250-ден астам атауы игерілді.

Металлургия.2007 жылы металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары 5,4 млрд. теңге сомасына немесе 2006 жылға қарағанда 57,7 пайызға артық өнім шығарды. 2008 жылы металлургия өнеркәсібіндегі жоспарланған өндіріс көлемі 10,8 млрд. теңгені құрайды немесе 2007 жылдың деңгейінен 2 есе артық.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінде өндіріс көлемінің өсуі байқалады. 2007 жылы тоқыма және тігін өнеркәсіп өнімі 1,9 млрд. теңгеге немесе алдындағы жылдың 124,8 пайызын құраған өнім шығарылды. 2008 жылы 2005 млн. теңге сомасына немесе 2007 жылдың деңгейіне 103,5 пайыз өнім шығару жоспарлануда.

2007 жылы өндіріс көлемі өсті: трикотаж өнімдері, балаларға арналған киімдер, жүннен иірілген жіп.

Ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынның бірі «Большевичка» ӨК-те, жыл сайын өндіріс көлемінің өсу қарқыны 10-15 пайызды құрайды. Кәсіпорын дайын өнімді мұнай - газ өнеркәсібі компанияларына және Қазақстандағы әр түрлі күштік құрылымдарға жеткізеді.

Шағын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ойдағыдай дамуда, олар түрлі тігін өнімдерін өндіреді.

«Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы» ЖШС, «Арус» ЖШС, «Азурит» ЖШС, «Рауан-1» ЖШС секілді кәсіпорындар трикотажды өнімдер, ватин, иірілген жіп өндірісімен айналысады.

Тері, теріден жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі.Осы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2007 жылы 949,2 млн. теңгеге немесе 2006 жылдан 46,1 пайызға артық өнім өндірді.

2008 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 950 млн. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 100,1 пайызды құрайды.

Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі.2007 жылы 387,5 млн. теңге сомасына өнім шығарылды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 2,2 есе артық.

2008 жылы жоспарланып отырған өндіріс көлемі 418,0 млн. теңгені құрады, немесе 2007 жылдан 7,9 пайызға артық.

Целлюлозды-қағаз өнеркәсібі.2007 жылы өнім көлемі 2949,3 млн. теңгені құрады, немесе 2006 жылдың деңгейіне 100,3 пайыз. 2008 жылы өнім көлемін 3050 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2007 жылдың деңгейінен 3,4 пайызға артық.

Химиялық өнеркәсіп.2007 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 176,6 млн. теңгені құрады немесе 2006 жылмен салыстырғанда 22,0 пайызға артық. 2008 жылы өнімді 210 млн. теңге сомасына өндіру жоспарлануда, бұл 2007 жылдың деңгейінен 18,9 пайызға артық.

Резеңке және пластмасс өнімдерінің өндірісі.2007 жылы өнім көлемі 1534,6 млн. теңгені құрады, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 3,4 есе артық. Өндірістің жоспарланған көлемі 2008 жылы - 1600 млн. теңге, немесе 2007 жылмен салыстырғанда 104,3 пайыз.

Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі. Облыста басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі кірпіш, бетон өнімдері, асфальт жасау кәсіпорындары құрайды. 2007 жылға осы кәсіпорындар 3294,1 млн. теңге сомасында өнім шығарды, бұл 2006 жылдан 2,2 есе артық. 2008 жылы өнеркәсіптің осы секторында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3059 млн. теңгеге дейін 2007 жылға қарағанда 5 пайызға артық шығару жоспарланып отыр.

Басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту. Басқа да өндеу өнеркәсібі салаларына металл қалдықтары мен сынықтарын қайталама өндеу (жинау) кәсіпорындары, сондай-ақ корпустық және жұмсақ жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпорындар жатады.

2007 жылы осы саланың кәсіпорындары 2155 млн. теңге сомасына өнім өндірді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1,5 есе артық. 2008 жылы өнімді 4500 млн. теңге сомасына өндіру жоспарлап отыр, бұл 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 208,8 пайыз.

Электрэнергиясын, газ және суды өндіру және тарату.Қостанай облысында қуат көзі тапшы.

Облысымызда 2007 жылы жалпы электр энергиясын тұтыну 5085,4 млн. кВт.с немесе 2006 жылмен салыстырғанда 104 пайызды (4903,1 млн. кВт.с) құрады.

Электр энергиясын өндіру 1555 млн. кВт.с. құрады. Облыста электр энергиясын өндіруді үш электр станциясы жүзеге асырады: «ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭО, Қостанай ЖЭО және Арқалық ЖЭО. Барлық электр энергиясы кәсіпорындардың қажеттілігі үшін өндіріледі, олардың құрамына аталған электр станциялары да кіреді. Электр станциялары өндіретін электр энергиясының үлес салмағы облыс тұтынатын электр энергиясының жалпы көлемінің 2006 жылы 33 пайызын, 2007 жылы 30,5 пайызын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемінің 3,7 пайызға (1612,6 млн. кВт.сағ) төмендегені байқалады, бұл жоспардан тыс өткізілетін жөндеу жұмыстары үшін энергетикалық құрал-жабдықтардың тұрып қалуына байланысты болып отыр.

Облыс бойынша электр энергиясына зәрулік Екібастұз – Павлодар энергия кешенінен жеткізіп тұру есебінен өтеледі. 2007 жылы барлығы 3530 млн. кВт.с. электр энергиясы жеткізілген болатын.

Болжанған мәліметтер бойынша 2008 жылы экономиканы, әсіресе агроөнеркәсіп кешенін, тұрғын үй құрылысын, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды дамыту салдарынан электр энергиясын тұтынудың өсуі сақталады. Тұтынудың көлемі шамамен 5200 млн. кВт.с. құрайды. Электр энергиясын өндіру 2008 жылы 1549 кВт.с. құрайды.

Облыстың қалаларын мына кәсіпорындар электр энергиясымен жабдықтайды: Қостанайда - «Костанайский Энерго Центр» ЖШС, Рудныйда - «Рудненская ЭСО» ЖШС, Арқалықта – «Костанайюжэлектросервис» МКК, Жітіқарада – «Житикаракоммунэнерго» МКК, Лисаковта «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКК ӨШБ.