Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 31 из 32)

Мұрағат ісін және құжаттама жүйесін, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Мемлекет Басшысының әкімшілік реформасы жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді нақты және тиімді қайта бөлу және бекіту, бюджеттік қатынастар жүйесін жетілдіру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қарастырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар шығару жөнінде жұмыс жалғастырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің, қазынашылық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жолдары әзірленуде.

Тұрғын үй мұқтаждығын қанағаттандыру, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін маңызды элементі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысын бюджеттік қаражат есебінен, кәсіпорындардың және халықтың қаражаты есебінен дамыту, ипотекалық кредит беру, прогрессивті технологиялар мен қазіргі сәулет-құрылыс шешімдері, заңнамамен белгіленген халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктерін және бюджеттік сала қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ апатты үйлерді алып тастау проблемалары кешенді түрде шешіледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қостанай облысының Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың кең жіктері үшін қол жетімді және сапалы тұрғын үй құрылысы жалғастырылады.

Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын азайтуға бюджеттік қаражаттарды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004 - 2010 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Орта мерзімді кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы кезекті объектілердің құрылысын жалғастыру, сумен қамтамасыз ету құрылыстарына, жер асты су кен орындары мен бас тоғандарына түгендеуді, жер асты суларды пайдалануды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарланады.

Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының басты мақсаты барлық деңгейдегі мемлекеттік басқармаларды оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толығымен көрсету және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджеттік кодекспен бекітілген бюджет деңгейлері арасындағы шығыстар мен түсімдер қағидаттары және оларды бөлудің негізінде қалыптасады, және қарым-қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, ең алдымен облыс-аудан деңгейінде басқарманың әр деңгейінің жауапкершілігіне және дербестігіне, сол сияқты тиімді бюджеттік жүргізуді ынталандыруға бағытталады.

2008-2011 жылдарға бюджетаралық қатынастардың жаңа нұсқасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдері бюджеттер деңгейлері арасындағы шығындарды бөлуді есептей отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының сомалары ретінде есептеледі.

Жергілікті бюджет шығындарын жоспарлау барысында мынадай көрсеткіштер есепке алынады:

1)ағымдағы шығындардың жалпы көлемі;

2)жергілікті бюджет шығындарын көбейтуді немесе азайтуды қарастыратын және жоспарланған мерзімде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

3)жергілікті бюджет шығындарын көбейтуді немесе азайтуды қарастыратын, оның ішінде бюджеттік саланың қызметшілерінің еңбекақысын төлеуді жетілдіретін және жоспарланған мерзімде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының ережелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

4)бұрын қолданысқа енгізілген, бірақ Республикалық бюджеттік комиссия шешімі негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

5)өкілеттіктерді бөлу шеңберінде мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлері арасындағы қызметтерді бөлу;

6)орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес жоспарланған мерзімде тұтыну бағалары индексінің ағымдағы шығындарын көбейту (жалақыны қоса алмағанда);

7)бұрын нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.

5. Жоспарды іске асырудың бақылауы және моиторингі

Жергілікті атқару органдары 2009 жылға мынадай негізгі міндеттер белгіледі:

1) жалпы өңірлік өнім өсімін 5-тен кем емес пайызға жеткізу;

2) экономиканың өндіруші секторының тиімділігін арттыру;

3) шикізатты емес сектордың озық дамуын қамтамасыз ету;

4) облыстың индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

5) агроөнеркәсіп кешені салаларының өнімділігі және кірісінің өсімін қамтамасыз ету;

6) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен қамтуды ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау;

7) экономикалық өсім және бәсекеге қабілетті өңірлік орталықтар жұмыстарының басталуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету;

8) медициналық қызметтердің сапасын арттыру.

Қойылған мақсаттарды орындауға:

1) 2008 жылы жалпы өңірлік өнімді жан басына шаққанда 5,8 пайызға ұлғайтуға;

2) 2008 жылы тау-кен өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 10 пайызға жоғарылатуға;

3) 2008 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 21,6 пайызға және өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің үлесін 2008 жылғы 31 пайызға қарағанда 32,9 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

4) 2009 жылы Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму стратегиясын 2015 жылға дейін орындау шеңберінде облыста жалпы құны 50,9 млрд. тұратын 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 1442 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 5 жоба басым жобаларға жатады:

«ССКӨБ» АҚ ЖЭО-ын 63 МВт энергоблокты кеңейту», Рудный қаласы, жобаның құны – 4560 млн. теңге, осы жобаны іске асыру барысында ЖЭО-ның қуаттылығы 267 МВт құрайды;

«Ұсақ сортты прокаттық стан құрылысы», Қостанай қаласы, «Каспиан ЕвразСталь» ЖШС, жоба құны – 19 млрд. теңге, 260 жұмыс орны құрылады. Кәсіорынның жобалық қуаттылығы жылына 600 мың тонна прокатқа дейін құрайды;

«Қыш тақтайша шығару жөніндегі зауыт құрылысы», Қостанай қаласы, «Серамист топрак санай ве тиджарет лимитед ширкети», жоба құны – 13,1 млрд. теңге, кәсіпорын жылына 20 мың шаршы метрге дейін қабырға және еден тақтайшаларын шығаруды жоспарлауда;

«Пропилденген әдіс бойынша сутегі асқын тотығын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы», Қостанай қаласы, «Қостанай көмір +» ЖШС, жобаның құны – 8,7 млрд. теңге, 150 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорын қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін сутегіні құрайды.

Титан-циркондық өндіріс, Лисаков қаласы, «Титан-циркондық зауыт», жобаның құны – 968 млн. теңге, 195 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қуаттылығы жылына 130-150 мың тонна концентратты құрайды.

5) агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1 гектар ауыл шаруашылығы жерінде 6,1 пайызға өседі.

Ылғал сақтау агротехнологияларын игеру, жергілікті биоэнергетикалық ресурстарды толық пайдалану есебінен топырақ құнарлылығын қолдау, жергілікті жағдайға бейімделген өсімдіктердің жаңа жоғары шығымды сорттарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.