агроиндустриалдық саясатты іске асыру;
тұрғын үй саясатын іске асыру;
қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
көлік-коммуникациялық кешенін дамыту болып табылады.
Бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес, Бірыңғай бюджеттік топтамасына сәйкес келетін функционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылды.
2009-2011 жылдарға арналған облыс бюджетінің болжамы
Атауы | 2008 жыл, баға (респуб-ликалық бюджеттен алынған трансферттер-ден шегеру) мың теңге | 2009 жыл, мың теңге | 2010 жыл, мың теңге | 2011жыл, мың теңге |
КІРІСТЕР | 58954422 | 65296003 | 76500683 | 91117823 |
оның ішінде | ||||
салықтар мен жиындар | 25293418 | 27574137 | 31236624 | |
республикалық бюджеттен субвенциялар | 33661004 | 37721866 | 45264059 | |
ШЫҒЫСТАР | 60675005 | 65296003 | 76500683 | 91117823 |
оның ішінде | ||||
ағымдағы шығындар | 53613605 | 57363328 | 67328211 | 81663217 |
даму бюджеті, о.і. | 7061400 | 7932675 | 9172472 | 9454606 |
Орта мерзімді кезеңге арналған Қостанай облысы бюджетінің шығындары мынадай көлемде болжамданады: 2009 жылы – 65296 млн теңге, 2010 жылы – 76500,7 млн. теңге, 2011 жылы - 91117,8 млн. теңге.
Мемлекеттік бюджет шығыстарын болжамдау барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқармалар және мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2009 жылы және 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға арттыру бөлімінде айтылып өткен тапсырмаларды іске асыруға арналған шығыстар ескерілді.
2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық бюджет шығындарын болжау кестеде көрсетілген.
2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық бюджет шығындарын болжау
Атауы | 2008 жылғы жоспар,баға | 2009жыл | 2010 жыл | 2011жылүлес, % | ||||
сома, мың теңге | үлес, % | сома, мың теңге | үлес, % | үлес, % | үлес, % | |||
БАРЛЫҒЫ | 60675005 | 100 | 65296003 | 100 | 76500683 | 100 | 91117823 | 100 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 3176550 | 5,2 | 3101852 | 4,8 | 3677126 | 4,8 | 4573626 | 5,0 |
Қорғаныс | 147564 | 0,2 | 153466 | 0,2 | 164779 | 0,2 | 192149 | 0,2 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 2586013 | 4,3 | 3083706 | 4,7 | 3829004 | 5,0 | 5243690 | 5,8 |
Білім беру | 20202473 | 33,3 | 23240351 | 35,6 | 27685337 | 36,2 | 34808861 | 38,2 |
Денсаулық сақтау | 13123005 | 21,6 | 14786647 | 22,6 | 17013871 | 22,2 | 20526629 | 22,5 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету | 4815671 | 7,9 | 4426758 | 6,8 | 4830432 | 6,3 | 5622452 | 6,2 |
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы | 4341293 | 7,2 | 2532144 | 3,9 | 3092879 | 4,0 | 3104050 | 3,4 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 3909649 | 6,4 | 4467427 | 6,8 | 5096166 | 6,7 | 5862301 | 6,4 |
Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | 569338 | 0,9 | 827788 | 1,3 | 342000 | 0,4 | - | |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары | 830788 | 1,4 | 1000807 | 1,5 | 1021154 | 1,3 | 1327413 | 1,5 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 253882 | 0,4 | 347385 | 0,5 | 392455 | 0,5 | 476273 | 0,5 |
Көлік және коммуникациялар | 4882312 | 8,0 | 6073802 | 9,3 | 6832605 | 8,9 | 6374295 | 7,0 |
Басқалар | 1836466 | 3,0 | 1253870 | 1,9 | 2522875 | 3,3 | 3006085 | 3,3 |
Орта мерзімді кезеңде білім беру саласындағы бюджеттік саясат әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының қазіргі қажеттіктеріне жауап бере алатын білім берудің жоғары тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
2009-2011 жылдардағы кезеңде білім беруді одан әрі дамыту және қайта құру Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту концепциясына бағытталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек демалысына кеткен уақытта бір лауазымдық жалақы мөлшерінде денсаулықты жақсартуға жәрдемақы төленеді.
Мультимедиялық кабинеттерімен және физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз ету арқылы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің, кәсіптік мектептердің, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғастырылады, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу және білім беру объектілер құрылысы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі оқытумен қамтуды көбейту жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.
Жалпы орта білім беру жүйесінде жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған жол табуды белгілеу және бастауыш пен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізу жоспарланады.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс беруші мен білім беру жүйесі арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту, оқу және зертханалық жабдықтарды жаңарту, кәсіптік даярлау сапасын тәуелсіз бағалау, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандықтары бойынша біліктілікті беру және растау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қабылданады.
Денсаулық сақтау саласында қаржының басым бөлігі халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халықтың оның басымдықтары туралы ақпараттануын, мемлекет пен азаматтардың жауапты ынтымақтастығын арттыруға, денсаулық пен бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрі-дәрмек көмегіне қол жеткізуді арттыру арқылы халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету және ана мен баланың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.
Денсаулық сақтауды қалыптастыру мен дамыту бағдарламасының мынадай іс-шараларын іске асыруды жеделдету жөніндегі шаралар жоспарланған: босануға көмек көрсететін және балалар ұйымдарының жабдықталуы медициналық жабдықтармен жабдықтаудың минималды нормативіне жеткізіледі, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханаларын кезең-кезеңмен жаңарту жүргізіледі, ВИЧ-жұқтырылғандар мен СПИД-пен ауратындар хаттамаларға сәйкес антиретровирустық терапиямен қамтамасыз етіледі.
Емдеу-профилактикалық мекемелерін диагностикалық жабдықтардың, медициналық құралдардың қажетті жиынтығымен, санитарлық автокөлікпен ең жоғары деңгейде қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қарастырылды.
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында 2009-2011 жылдары ішінде бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржы жағынан тұрақты, әлеуметтік жағынан адал үш деңгейлі жүйесін дамыту, әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту болып табылады.
Бұл бағытта мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесін халықаралық стандарттарына кезең-кезеңмен жақындату, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін одан әрі кезең-кезеңмен көбейту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, халықтың өмір деңгейін бағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қарастырылады.
2009-2011 жылдары мәдениеттің қазіргі дамыған жүйесін дамытуға, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға, қоғам мен мемлекеттік құрылымда демократиялық бастамаларды және ішкі саяси тұрақтылығын нығайтуға және қазақстандық спортшылардың халықаралық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамытудың тиімді жүйесін жасауға бағытталған шығындар қарастырылады.