Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 29 из 32)

Ресей Федерациясы, Қытай және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

тауарлардың (темір кені, асбест, бидай және ұн) сыртқы нарыққа экспорттық жеткізілімдерінің өсу серпінін және сауда балансының оң айырмасын сақтау;

экспорттың жалпы көлемінде шикізаттік емес бағытындағы өнім экспортының үлесін арттыру;

облыста жетекші салаларда, әсіресе қайта өндіру өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді жаңарту және реттеу;

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі өңірлік бағдарламасында қарастырылған міндеттерді шешу;

Қолда бар сату рыноктарын іздеу және жаңаларды кеңейту;

Қазақстаннын ӘСҰ-на ену жағдайында ИСО-9000 және 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесін енгізу және сертификаттау;

жаңа технологияларға және ғылымның озық жетістіктеріне сәйкес келетін тауарларды импорттау.

Күтілетін нәтижелер. 2009 жылға арналған болжам 2008 жылға 94,6 пайыз өсу қарқыны бар сыртқы сауда айналымы көлемін 2951,7 млн. АҚШ долларына дейін өсіруді қарастырады. 2010 жылға сыртқы сауда айналымы 3060,8 млн. АҚШ долларына дейін өседі, 2009 жылға өсу қарқыны 103,7 пайызды құрайды. 2011 жылы – 3383,2 млн.АҚШ доллары немесе 2010 жылға 110,5 пайыз.

Дүниежүзілік рынокта тау кен өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты экспорт көлемі 2009 жылы 1897,6 млн. АҚШ доллары сомасында жоспарланады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмендейді, 2010 жылы экспорт көлемі 1980,3 млн. АҚШ долларды құрап, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өседі, 2011 жылы – 2270,3 млн. АҚШ доллары немесе 2010 жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға өседі.

Экспорт әлеуетінің құрылымында ең үлкен үлес тау кен өніміне (50 пайызға дейін), нан (25 пайыздан жоғары), ұн тарту-жарма өніміне (18 пайызға дейін) және асбест (2,5 пайызға дейін) келеді. Ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеуін көбейту нәтижесінде ұн жеткізілімдері көбейеді.

2009 жылы импорт 1054,1 млн. АҚШ доллары сомасында болжамдалады немесе 2008 жылға қарағанда 102 пайыз, 2010 жылы – 1080,5 млн. АҚШ доллары немесе 2009 жылмен салыстырғанда 102,5 пайыз, 2011 жылы – 1112,9 млн. АҚШ доллары немесе 2010 жылға қарағанда 103 пайыз. 2009 - 2011 жылдары ішінде импорт түсімдерінің өсуі бір жылда орташа алғанда 26,5 млн. АҚШ долларына немесе 2,6 пайызға болжамдалады.

Импортты көбейту мұнай өнімдерін, көлік құралдарын, машина және жабдықтарды, резина-техникалық бұйымдарын сатып алу есебінен жоспарланады, ол облыста өндірілмейтін тауарларды сырттан әкелу және облыстағы өнеркәсіп өндірісінің жағымды қарқынын көрсетеді: фармацевтикалық өнімдер, тұрмыстық техника.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы бағыттарға сәйкес облыстың сыртқы экономикалық қызметінде Ресеймен және Қытаймен стратегиялық әріптестік, сондай-ақ Еуропалық Одағы және Орта Азия елдерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастық басымды болып қалады.

3.4.6. 6-шара. Құрылыс индустриясын салу және дамыту

Құрылыс индустриясы дамуының басымдылық міндеті цемент, жылуоқшауланған және жамылтқы метериалдар, қаптамалық кірпіш, линолеу, бояулар, керамикалық тақталар және өзге қажетті құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.

Жоспарланған кезеңге көзделген мақсаттар мен міндеттерге құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамыту жолымен жетеді.

Іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар:

байыған және іріктелген құмды өндіру желісі. Жоба Қарабалық ауданының «ПФ Қостанай –щебень» ЖШС базасында іске асырылады. Желі анықталды, құмды байыту бойынша құрылымға 9,0 миллион теңге игерілді, өнімге сұраныстың болмауына байланысты жобаны іске асыру тоқтатылды;

Денисов ауданының «Шекубай» ЖШС базасында цемент зауытын салу. Жобаның құны 135,0 миллион АҚШ долларына бағаланады. Цемент шикізатын өндіруге келісім-шарт жасалды, зауыт құрылысының ТЭН-і құрастырылып жатыр, қойнауды пайдалануға акт қол қою сатысында;

Денисов ауданының «Қостанайкальцпром» ЖШС базасында цемент зауыты құрылысының жоба құны 100,0 миллион АҚШ доллары. Шекубай цемент шикізат кен орнының телімінде қойнауды пайдалануға келісім-шарт жасалды. Шикізатты жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткізді және ол оң қорытынды берді, зауытты жобалау келісім-шарты қол қою сатысында;

Городище кен орнында «Тас-Құм-Қостанай» ЖШС базасында кварц диориттерін өндіру. Әрі қарай қиыршықтасты өндіру үшін тасты сынама өнеркәсіптік өндіру басталды, 2007 жылы 60 тонна құрылыс тасы өндірілді, темір жол тармағын салу үшін жобаны жобалау және оған келісім жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр;

Қарабалық ауданында «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС базасында керамика қаптайтын кірпіш, отқа төзімді және қышқылға төзімді кірпіш, қаптайтын керамика тақтайша, керамикалық канализациялық құбырлар, черепица, санфаянс өндіретін зауыттар кешенін салу, жоба құны 45,0 миллион АҚШ доллары. Бизнес-жоспар әзірлеу сатысында, жер телімі кесіп берілді, жабдықтар жеткізу шартына қол қойылды;

«Пластстандарт» ЖШС базасында полиэтилен құбырларын шығару. 2007 жылдың наурызында 16-1100 мм диаметрлі құбырларды өндіру бойынша желі басталды және анықталды, екінші желіні орналастыру жүргізіліп жатыр.

Тиімді құрылыс материалдарын шығаруды және жаңа технологияларды енгізуді әрі қарай дамыту үшін көзделеді:

«Әйгерім» ЖШС-да винилдік тұсқағаздар өндірісінің қуаттылығын арттыру;

«БК-Строй», «ТоболКерамик» ЖШС, «Тогай группа» ЖШС, «Торан» ЖШС-да тиісті стандарттарға сәйкес бәсекеге қабілетті қаптама кірпіш шығару;

ғимараттардың сыртқы көрінісі, конструкциялардың ұзақ мерзімге төзімділігі мен қажетті жылу техникалық сипаттамалар сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін «жеделдеткіш қасбеттер» жүйесін енгізу;

«Стеклоцентр» ЖШС базасында құрылыста қорғаныш және қауіпсіз әйнектеуді қолдану және дайындау;

Болжалды шараларды орындау және озық технологияларды енгізу, тиімді энергия қорын сақтау жүйелеріне көшу облыстың құрылыс индустриясын әрі қарай дамытуына жағдай жасайтын болады және 2011 жылы өз өндірісі есебінен құрылыс өнімі импортынының көлемін төмендетуге себеп болатын евростандарт талаптарына жауап беруші құрылыс конструкцияларымен және материалдарымен объектіні қамтамасыз етеді.

3.4.7. 7-шара. Техникалық реттеу және метрологияны дамыту

Халықаралық сапа стандарттарын енгізу облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына ішкі және сыртқы рынокқа халықаралық стандарттарға сай өнімді жеткізуге жол береді.

2008 жылдың 1 қаңтарына дейін облыстың 47 кәсіпорнында сапа менеджменті жүйесі енгізілді, 15-інде жұмыс жүргізілуде.

ИСО 9001-2000 сәйкес сертификаттарына ие: «ССТӨБ» АҚ, «Костанайские минералы» АҚ, «ДЕП» ЖАҚ, «Арай-91» ЖШС, «Имстальком» Рудный металлконструкциялар зауыты» АҚ филиалы, «Космис» ЖШС, «Сосновый бор» ЖШС, «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы, «Әйгерім» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ ҚФ, «Агротехмаш» ЖШС, «Арасан» фирмасы» ЖШС және басқада өнеркәсіп кәсіпорындары.

ИСО 9001-2000 сапасын басқару жүйесін енгізу бойынша жұмысын «Костанайские минералы» АҚ, (экологиялық менеджмент жүйесі), «Экспро» ЖШС, «SAPA-K» ЖШС, «Аргумент» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ (азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйесі) және басқалары жүргізеді.

Семинарлар және «дөңгелек үстелдер» отырыстары ұйымдастырылды және өткізілді, ИСО 9000, 14000, ХАССП жүйесі негізінде ХСЖ енгізу және сертификаттау мәселелерінің тұрақты негізінде баяндалуын қамтамасыз етіледі. Жыл ішінде 18 семинар, 112 «дөңгелек үстел» өткізілді.

Облыстың кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

2008 жылға Қостанай облысының стандарттау бойынша жұмыс жоспары және Қостанай облысының кәсіпорындары және ұйымдарымен 2008 жылға ИСО 9000, OHSAS 18001, НАССР, SA 8000 сериялы халықаралық стандарттар негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыс жоспары әзірленді.

4. 2009-2011 жылдарға арналған жергілікті бюджетті пайдаланудың негізгі бағыттары

Орта мерзімді кезеңде өткізілетін саясат бюджеттік шығындардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады.

Қостанай облысының 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджет шығыстары құрылымында басымды бағыттар:

денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту;

әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету;

индустриалды-инновациялық дамыту;