Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 28 из 32)

Машина жасау.2009 жылы машина жасау өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өнімнің көлемі 16,6 млрд. теңгені құрайды немесе 2008 жылмен салыстырғанда 28,4 пайызға, 2011 жылы – 24,8 млрд. теңге немесе 2008 жылға 191,3 пайызға өседі.

2009-2011 жылдарда машина жасау саласында өндірістерді жаңарту жалғасады және бәсекеге қабілетті өнімді шағыру ретке келтіріледі. «Дормаш» ЖШС ауыл шаруашылық техниканы жөндеу бойынша техника өндірісін қайта жабдықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, оның шеңберінде БИС бидай тазалау құрылғысын шығару белгіленген. Жобалық құжаттама әзірленді, мачталық көтергіштерінің тәжірибелі үлглерін шығару басталды, электрөлшеу лабораториясының қызмет көрсету спектрін кеңейту жоспарлануда.

4 машина жасау кәсіпорындары («АгромашХолдинг» АҚ ҚФ, «Агротехмаш» АҚ, «Трансремвагон» ЖШС және «Болашак А» ЖШС) ИСО-9001-2000 және ИСО 9001-2001 сәйкестік сертификаттарына ие.

2 кәсіпорын («Дормаш» ЖШС және «Экспо» ЖШС) ИСО-9001-2000 жүйесінің талаптарына сәйкестігінің халықаралық сапа стандарттарына көшу бойынша жұмыс жүргізуде.

Металлургия.2009 жылда металлургия саласындағы өнеркәсіп өнімінің жоспарланған көлемі 20,9 млрд. теңгені құрайды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі, 2011 жылы - 22,4 млрд. теңге немесе 2008 жылдан 2,1 есе артық.

Таран ауданындағы «Варваринское» АҚ кәсіпорынымен 2009 жылдан бастап «Доре» қорытпасы жыл сайын 6 тонна, Жітіқара ауданындағы «Метал-Трейдинг» ЖШС 2009 жылы – 874кг, 2010 жылы -1538 кг, 2011 жылы - 2448 тонна өндіріледі.

2009 жылы «Caspian Engineering Group» компаниясы жылына 600 мың тонна қуаттығы бар сорттық илем өндірісі бойынша жобаны іске асырады, жыл сайынғы өндіріс көлемі 210 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаның құны 158 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр.

«Музбель» серіктестігі 2010 жылы никельді кен өндіру жобасы шеңберінде 0,7 мың тонна гидро тотығында никель өндіреді. Жобаның құны 82,3 млрд. теңге. 1000 жұмыс орны құрылады.

2008 жылда металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 15,3 млрд. теңгеге дейін немесе 2007 жылдан 4,6 есе артық, ал 2010 жылға өндіріс көлемін 2007 жылға 5,4 есе өсіру жоспарлануда.

Текстильді және тігін өнеркәсібі.2009 жылы өнеркәсіптің осы саласында өндіру көлемі 2140 млн. теңгені құрайды, немесе 2008 жылдың деңгейіне 106,7 пайыз, 2011- 2478 млн. теңге немесе 2008 жылдан 23,6 пайызға артық.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында («Большевичка» ЖШС, «Техноткань» ЖШС және басқалар) өндірілген өнім ассортиментін кеңейту, сондай-ақ жетілген нәтижелерді бекіту бойынша жұмыс жалғасады.

«Қостанай байпақты аяқ киім фабрикасы» ЖШС өнімнің жаңа түрін әзірлеу үшін тәжірибелік учаске ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Тері, теріден жасалған өнім және аяқ киім өндірісі. Осы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2009 жылы 1000 млн. теңге сомасында өнім өндіруді жоспарлауда немесе 2008 жылдан 5,2 пайызға артық, 2011 жылы – 1160 млн. теңге, немесе 2008 жылға 122,1 пайыз.

«Алпамыс» аяқ киім фабрикасы» ЖШС күш құрылымдар және жұмыс мамандықтары үшін арнайы аяқ киім шығару бойынша жұмысы жалғасуда.

Ағаш және ағаштан жасалған өнімдерінің өндірісі. 2009 жылы өнеркәсіптің осы саласында 452 млн. теңге сомасында өнім өндіру жоспарлануда, бұл 2008 жылдың деңгейіне 108,1 пайыз, 2011 жылы – 520млн. теңге немесе 2008 жылға 24,4 пайызға артық.

Целлюлозды-қағаз өнеркәсібі. 2009 жылы өнім көлемі 3260 млн. теңгені құрайды немесе 2008 жылдың деңгейіне 106,9 пайыз, 2011 жылы - 3760 млн. теңге, бұл 2008 жылдан 23,3 пайызға артық. 2009-дан 2011-ге дейінгі жылдарда «Айгерім» ЖШС жыл сайын 18963 мың шаршы метр тұсқағаздар шығаруды жоспарлап отыр. 2008 жылға өсім 3 пайызды құрайды.

Химия өнеркәсібі. Химиялық өнеркәсібінде 2009 жылы «Казхимволокно» ЖШС-да инвестициялық жобаны іске асыруының арқасында өнім шығаруды ұлғайту байқалатын болады. Осы өндіріс метаарамидті өнім шығару бойынша жұмыс жасайтын Дюпон (АҚШ) және Тейджиннен (Жапония) кейін әлем бойынша үшінші және өнім өндірісінің қуаттылығы бойынша екінші орынды алатын болады. Бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін әлемдік инновациялық технологиялары және ғылыми-техникалық әзірлеулер қолданылады.

Өндіріс көлемі 2009 жылы 1,6 млрд. теңгені құрайды, бұл 2008 жылдан 7,6 есе артық, 2011 жылы өнімді 4 млрд. теңгеге шығару жоспарланып отыр, бұл 2008 жылдың көлемінен 19 есе артық.

Өндеу өнеркәсібінің басқа да салаларын дамыту. 2009 жылдан 2011 жылға дейін өндеу өнеркәсібінің басқа да салаларының кәсіпорындары бойынша өсу қарқыны жылына 10 пайыз деңгейінде сақталады.

«Док-мебель» ЖШС (Рудный қ.) 2008-2011 жылдары «Ағаш өнімінің өндірісін жаңарту» атты инвестициялық жобаның 2-ші және 3-ші кезеңдері іске асырылуы жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру өндіріс көлемін жылына 80 млн. теңгеге дейін жеткізуге жол береді.

Корпустық жиһаз жасайтын жергілікті өндірушілер болашақта шығаратын өнімін кеңейту және сапасын жақсарту, сондай-ақ өндіріс көлемін өсіру бойынша жұмыс жалғастыратын болады.

3.4.4. 4-шара. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Облыстың материалдық өндірістің озат саласының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы шаруашылық жүргізудің негізгі түрі шаруа қожалықтары болып табылады, олардың ауылшаруашылық құрылымының жалпы санының үлесі 91,6 пайыз, немесе 6343. Жалпы саны 6924.

2011 жылы агроөнеркәсіп кешенінде: ресурс сақтағыш агротехнологияны игеру бойынша, жергілікті биоэнергетикалық ресурстарды толығымен пайдалану есебінен топырақтың құнарлылығын сақтауға демеу жасау, өсімдіктердің жергілікті жағдайларға ыңғайланған жоғары түсімді жаңа сорттарын енгізу жұмыстары жалғаса береді;

егіс алқаптары құрылымын жетілдіру, табиғи-климаттық ерекшеліктерге сәйкес әртүрлі сорттардың арақатынасын оңтайландыру жалғасады;

егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылығының бәсекеге лайық дақылдарының, бірінші кезекте майлы дақылдардың алқабы ұлғаяды. 2011 жылға құрылымдағы рапс егістігі 120,2 мың гектардан кем болмайды. Құрылған «Рапс өндірушілер ассоциациясы» бұған оң ықпал етпек (рапстың майлы дәнін қайта өңдеу заводының құрылысы);

2011 жылға топырақтың құнарлылығын көтеру үшін минералды тыңайтқыштарды сіңіру көлемі 60 мың тоннаға дейін ұлғаяды, ол негізінен азотты тыңайтқыштардың көлемін ұлғайту есебінен болмақ;

2011 жылы мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өндіру көлемі өседі: ет 149,6 мың тоннаға дейін, 2008 жылға шаққанда 4,5 %-ке; сүт 651,70 мың тоннаға дейін, 4,6 %-ке; жұмыртқа 419,8 млн. данаға дейін, 7,1 %-ке; жүн - 0,51 мың тоннаға, 6,3 процентке.

мал басының саны өседі: ірі қара мал 569,9 мың басқа дейін, 2008 жылға 4,5 %-ке; оның ішінде сиыр 276,4 мың басқа дейін 4,5 %-ке), қой-ешкі 327,9 мың басқа дейін (4,8 %-ке), шошқа 309,6 мың басқа дейін (5,5 %-ке), жылқы 79,5 мың басқа дейін (3,9 %-ке), құс 4291,6 мыңға дейін (6,4 % ке);

асыл тұқым санатындағы шаруашылықтардың саны 160-ға жетіп, 10 бірлікке көбейеді;

облыстың машина-трактор паркін 1400 тракторға (5,4 %), 1750 астық комбайнына (16,9 %), 3150 (13,6 %) тұқым сепкішке және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларына жаңалау жоспарланады. Шаруашылықтарда, әсіресе ауыл шаруашылығының ірі құрылымдарында 10-18 метрді қамтитын кең алымды тұқым сепкіштерге сұраныс жылдан жылға өсіп келеді, оны сатып алу өсетін болады;

дайын өнімнің сапасын сақтау үшін осы заманғы орау-қаптау материалдары кеңінен пайдаланылады;

жеміс-көкөніс қоймаларын қайта құрастыру жүргізіліп, қосымша қуаттар («Тэрра» ШҚ, сиымдылығы 3 000 тонна) пайдалануға беріледі;

«Ирина және К», «ДЕП», «Милх», «Дина», «Сарымай» ЖШС-терінде технологиялық жаңғырту жұмысы және өндірісті жарақтандыру жүргізу қаралуда. 2011 жылдың соңына сүт, ет, балық, тері, жүн, астық дайындайтын 11 дайындау-өткізу бірлестіктері жұмыс атқарады.

2011 жылдың аяғында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 20 кәсіпорындарда ИСО халықаралық сапа жүйесінің стандарттары енгізіледі. Батыс Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралық аймақтарына мал өнімдерін қою жөнінде келісімдерге қол жеткізілетін болады.

3.4.5. 5- шара. Сыртқы экономикалық қызмет

Орта мерзімдік кезеңде, сыртқы сауда саясаты облыстың бәсекеге қабілетті экономикасын құруға бағытталады. 2009 - 2011 жылдарына сыртқы экономикалық іс-әрекеттің басымды бағыттары: