Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 22 из 32)

өнімді орталықтандыру арқылы жеткізуді қолдана отырып, әлеуметтік дүкендер желісін ұйымдастыру.

«Содружество» ӨСК ЖШС өсімдік майы тапшылығын шешу мақсатында Қостанай қаласында майлы дақылдарды қайта өңдеу жөнінде май экстрациялық зауыттың құрлысы аяқталады. (Бірінші кезеңде осы кәсіпорынның жобалық қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаны, соңғы кезеңде 300 тоннаны құрайды).

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Арқалық қаласында 500 тонналық көкөніс қоймасының құрылысы жоспарлануда.

«Терра» шаруа қожалығы европалық климаттық бақылауы бар қуаттылығы жылына 3 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма құрылысы жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың өз қаражаттары есебінен 3 қойма, 7 ет және сүтті қайта өңдеу жөнінде кәсіпорын, 3 – бидайды сақтау және өңдеу, 50-ден астам сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын ашу көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері кәсіпорындарымен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен облысқа көкөністер және жеміс-жидектер жеткізу жөнінде ынтымақтастық жалғасуда.

Қабылданған шаралар Қазақстан Республикасының 2009-20011 жылдарға арналған бекітілген макроэкономикалық болжам шегінде инфляция деңгейін бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

3.2. 2-басымдық. Тұрақты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту

3.2.1. 1-шара. Тұрақты дамуға көшуді қамтамасыз ету

Облыс аумағында табиғи ресурстарды пайдалануға және өнеркәсіптің базалық салаларын дамытуға бағытталған көп салалы өнеркәсіп кешені қалыптасты. Бұдан басқа, өңірдің шикізат базасы мен ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттылықтары бар.

Өнеркәсіп саласында әсіресе Ресей экономикасымен бірігуде, шикізаттық емес секторды дамытуда, сату рыноктарын көбейтуде, өндірісті кеңейтуде, машина құрылысын дамытуда бір қатар мүмкіндіктер ашылмақ.

Өндірістің сатылас кірігуі, холдингтер ашу, атап айтқанда ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қажетті техникамен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығымен кірігу, сондай-ақ ИСО стандарттарын енгізе отырып, өнеркәсіп өнімінің сапасын арттыру перспективалы болып табылады.

Бәсекеге қабілетті және тиімді өндірістерді ұйымдастыру және дамыту үшін жағдай жасау өнеркәсіп саясатының негізгі мақсаты болуға тиіс. Оларды қалыптастыру өндірісті жаңғыртуға, инновацияларды енгізуге, стандартизацияға және өнім сапасына, мамандар мен менеджерлердің біліктілігіне, жұмыс кадрлардың біліктілік-кәсіптік құрамына, еңбек сапасына айрықша талаптар қояды.

Облыс тауар өндірушілерінің ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелі позицияларын арттыруды, сондай-ақ оның негізінде халықтың тұрмыстық және жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамытуға және тиімді пайдалануға қолайлы әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылданды.

Егер бұрын негізгі капиталды және инфрақұрылымды инвестициялау өңірлік экономикасының экономикалық өсімін күшейтудің тиімді тәсілі болса, қазіргі кезде өңірдің инновациялық белсенділігін арттыру және инновацияларды енгізуді қолдау жөніндегі шаралар басымды болып табылады.

Бұдан басқа, инвестициялық жағдайды жақсарту, облыс аумағында инвестицияларға тартымды объектілерді құру және дамыту арқылы инвесторларды (өсуге әлеуеті бар, серпілістік жобаларды енгізу әлеуеті бар) белсенді тарту жөніндегі шаралар қабылданды. Өңірлік кәсіпорындарын инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл дасауға әзірлеу жұмысы жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің екінші жетекші саласы. Облыстағы астық рыногының сыйымдылығын арттыру өнеркәсіптік шошқа шаруашылығын, құс шаруашылығын, сүтті және етті мал шаруашылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар қолдануға игі әсер етпек. Бұл салалардың өнімі жоғары сапа мен бәсекеге қабілеттілік жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болады.

Сонымен қатар, жеке инвесторларды тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жаңа бағыттары игеріледі.

Өңірде шағын бизнес пен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту басымдықтардың бірі болуы тиіс. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тәжрибе алмасу және қолдау жасау саласында Қазақстанның басқа өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, өнімді сыртқы рынокқа шығару мақсатында шағын кәсіпорындарды қалалық, ұлттық, өңіраралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, семинарларға, конференциялар мен іскерлік кездесулерге қатысуға тарту қарастырылуда. Бұдан басқа, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету өңірдегі шағын бизнесті дамыту жөніндегі мүмкіндіктің бірі болып табылады.

Көлік және коммуникациялар саласында облыс әлеуеті Ресеймен транзиттік тасымалдауды және тауар айналымын көбейтуге байланысты. Мысалы, көлік-жағрапиялық жерге байланысты облыстың Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын маңызды бөлігінің қызметін атқаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі көлік-логистикалық қызмет көрсету желісін құру және транзиттік жүк ағынын қайта өңдеу қажет. Оның ішінде жоғары даму әлеуеті бар облыс өңірлері – тез дамитын аймақтар, жоғары және орташа даму әлеуеті бар қалалар мен ауылдық елді мекендер инфрақұрылымның қарқынды дамуына ие болады. Сонымен қатар, өңірдің инфрақұрылымын дамыту және орналастыру халықты орналастырудың перспективалы схемасын және өндірістік күштерінің аумақтық орналасуын есептей отырып жүзеге асырылады.

Телекоммуникациялық саланы белсенді дамыту облыстағы өңірдің экономикалық дамуында жаңа мүмкіндіктерге жеткізеді. Бұдан басқа, телекоммуникацияларға қол жеткізу облыстың шеткі және алыс жатқан аудандарына ішкі және сыртқы рыноктарға жету үшін өте маңызды болып табылады.

Облыстың одан әрі тұрақты дамуы облыстың экономикалық мамандануын қалыптастыру, өңірдегі инвестициялық және іскерлік жағдайды жақсарту, кластерлік дамудың және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тетіктерін енгізу, мемлекеттік-жеке әріптестікті нығайту, облыстағы жоғары білікті жұмыс күшін дамыту арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру тиімділігіне байланысты болады.

Жоспарланған іс-шаралардың жиынтығы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекеге қабілеттілікті арттырудың барлық бағыттары бойынша мақсатқа бағытталған және келістірілген әрекеттерді қамтамасыз ету және облыстың тұрақты дамуына жету жөніндегі қызметтерін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.

3.2.2. 2-шара. Демографиялық және көші-қон жағдайын тұрақтандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға үлкен мән берілген, ол халықтың табиғи көбеюіне және жағымды көші-қон өзгерістеріне оң әсерін тигізеді.

Экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі, жаңа орындарын құру жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде облыстағы тұрғындар санының азаюы жоспарланады. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы халықтың орташа жылдық саны 890,6 мың адамды құрайды және 2,3 мың адамға, 2010 – 888,9 мың адамды құрай отырып, 1,7 мың адамға және 2011 жылы - 887,6 мың адамды құрай отырып, 1,3 мың адамға азаяды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон жөніндегі комитетіне жыл сайын 2009-2011 жылдары саны 5,3 мың адамнан тұратын 1100 оралман отбасын қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстар берілген.

3.2.3. 3-шара. Халықтың әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және халықтың жағдайын жақсарту

Халықты жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2011 жылы аз қамтылған азаматтардың саны жыл сайын 12,7 мың адамға дейін азаяды, кедейлік деңгейі 1,4 пайыз деңгейге жетеді. 2009 және 2011 жылдар аралығында АӘК алушылар құрамындағы жұмыссыздар үлесі 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендейді. Сонымен қатар 2 жылдан астам уақыт бойы АӘК алушы үйдегі әйелдердің үлестік салмағы 29 пайыздан 24 пайызға дейін төмендеуі күтілуде. Тұрмысы төмен азаматтар арасында еңбекке қабілетсіз бөлігі - балалар, көп балалы аналар, кірме топтар.