Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 2 из 32)

2007 жылы екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға 75 млрд. теңге кредит берді, немесе барлық берілген кредит көлемінің 41,9 пайызын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліке кредит беру 1,5 есеге, немесе 24,3 млрд. теңгеге өсті.

Берілген кредиттің мейлінше көбірек үлес салмағы саудаға – 51,9 пайыздан келеді, ауыл шаруашылықтағы үлесі 18,3 пайызды, өнеркәсіпте – 14,7 пайызды құрады.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілген кредит бойынша орташа өлшемді пайыздық ставка 14,9 пайыз деңгейінде құралды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке аз.

2007 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы 652,5 млн. теңге сомасына 68 жобаны қаржыландырды.

2007 жылдың қазанынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жобаларды тікелей қаржыландыруды тоқтатты.

2008 жылды бағалау.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 6 қараша №1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі жұмыстың жоспарын іске асыру үшін Қостанай облысы кіші және орта кәсіпкерлік субъектісіне кредит беру үшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді, кредиттік шарт 200 млн. теңге бекітілді. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кіші кәсіпкерлік жобасын қосымша 200 млн. теңге сомасына қаржыландырды.

Осы қаржы қаражаттары ауылшарушылығы өнімін қайта өндіру, азық-түлік өндірісі, өнеркәсіп өндірісі, тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру, қызмет саласын дамыту сияқты басымдық салаларында шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеуге бағытталады.

1.1.2. Инвестициялық сала

2007 жылы негізгі капиталға инвестициялар 96,4 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 142 пайызды құрады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 8,8 млрд. теңге игерілді, ол 2006 жылға қарағанда 89,2 пайызды құрады.

Республикалық бюджет қаражаты Жангелдин ауданындағы Албарбөгет суармалау жүйесін жаңартуға, Қостанай қаласында облыстық сот ғимараты жапсаржайының құрылысына, «Астана-Қостанай-Челябі» автомобиль жолын қайта жаңарту жобалық-ізденіс жұмыстарына және т.б. бағытталды.

Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге нысаналы трансферттер Жангелді ауданында, Арқалық және Қостанай қаласында мемлекеттік тілде оқытатын төрт орта мектеп салуға, Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 төсек орынға арналған туберкулез ауруханасы, Жанкелдин ауданының Збан селосын ауыз сумен қамтамасыз етуге, облыс орталығында ипотекалық тұрғын үй, Қостанай және Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға бағытталды.Сол сияқты республикалық трансферттер Қостанай қаласында 24 а бастауыш мектебін, Қостанай қаласында облыстық балалар ауруханасын, Құмкешу селосында 200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектепте орналасқан балабақша ғимаратын және Амангелді ауданының Амангелді селосында 140 орынға арналған балабақшаны, Арқалық қаласындағы өңірлік аурухананы, Рудный қаласындағы психоневрологиялық интернаттағы қалалық аурухана ғимаратын, 4 жергілікті маңызы бар жолдарды, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында Ащы-Тасты магистралды су тартқышты және Есіл топтық су құбырын, облыстың 6 ауданында және Арқалық қаласында 8 сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңартуға пайдаланылды.

2007 жылы жергілікті бюджеттен 2,1 млрд. теңге сомасында инвестициялар бағытталды, ол 2006 жылғымен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен газбен қамтамасыз ету, шахталық құдықтар салу, сумен қамтамасыз ету, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, су құбырларын, канализациялық және электр желілерін, Арқалық және Рудный қалаларында «бір терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарайтын ғимараттарды қайта жаңарту бойынша жобалар іске асырылды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Лисаков қаласында спорт кешені мен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйдің инженерлік коммуникацияларын, Рудный қаласындағы Топорков көшесін, Қостанай ауданының Жамбыл ауылында және Денисов ауданының Денисовка ауылында сумен қамтамасыз ету жүйесін, Әулиекөл ауданында Москалев су тартқышын, Ащы-Тасты бөгенінің су қашыртқысын, Қостанай қаласында 2 көтерілімнен дизел зауытына дейін су құбырлары магистралды желілерін салуға қаражаттар бағытталды. Транспорттық инфрақұрылым, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, спорт және т.б. объектілері жөнінде жобалық-ізденіс жұмыстары жүзеге асырылды.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттық салымдары 73,5 млрд.теңгені құрады. Инвестициялардың ең көп салымы өнеркәсіпке – 53,3 млрд.теңге, оның ішінде тау-кен өндірісіне – 40,2 млрд.теңге, өңдейтін өнеркәсіпке – 10 млрд.теңге, электр қуатын, газ бен суды өндіруге және таратуға – 3,1 млрд.теңге жүзеге асырылды. Жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтерді көрсетуге – 10,7 млрд.теңге бағытталған. Көлік және байланыс кәсіпорындарында 10,1 млрд.теңге игерілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға – 9,8 млрд. теңге, саудаға – 4,8 млрд.теңге жұмсалды.

Шетелдік инвестициялардың көлемі 11,9 млрд.теңгені құрады, оның ішінде тау кен өнеркәсібіне 11,1 млрд.теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтер көрсетуге – 0,8 млрд.теңге және т.б. қаржы бағытталған.

Негізгі салымдар (11,3 млрд. теңге) «Варваринское» АҚ алтын мыс кен орнын игеру жөніндегі тау кен өндіру және қайта өңдеу кешенін салуға жүзеге асырылды. «Энергоресурсы» ЖШС Әулиекөл ауданындағы Новонежен алаңында көмір сутегілік шикізатты барлау үшін 583,6 млн. теңге игерілді.

Машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алуға 49,7 млрд.теңге жұмсалды, ол инвестициялар жалпы көлемінің 51,5% құрады.

2008 жылы негізгі капиталға 101,4 млрд. теңге сомасында инвестициялардың салымы күтілуде немесе 2007 жылдың 105,2%.

Республикалық бюджеттің инвестицияларын игеру 9 млрд.теңгені құрады. Жітіқара ауданының Желқуар бөгені бөгетінің су қашыртқы каналының қайта жаңартылуына, облыстық орталықта жасанды ұшып-қону жолағының және «Қостанай» әуеайлағы әуежайының қайта жаңартылуы жөніндегі жобалық-ізденіс жұмыстарын орындауға және «Қостанай қаласын айналып өту» («Астана – Қостанай - Челябинск»авто жолының телімі) жобасына қаржы бөлінген.

Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған нысаналы трансферттер Рудный қаласында, Жанкелдин, Қамысты және Қостанай ауданында 4 орта мектебі, білім беру объектісін, қан орталығы, көп профильді аурухана, қалалық емхана, 2 балабақшасы және Қостанай қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Рудный қаласында балалар ауруханасы және қалалық емхананың құрылысы бастауға бағытталады. Облыстың ауылдық елді мекендерінде сумен қамтамасыз етудің 12 объектісін және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 5 ауданында жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу және қайта жаңарту белгіленді. Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы 4 автомобиль жолын қайта жаңарту және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында ипотекалық тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық желілерілерінің құрылысы жалғастырылады.

Жанкелдин ауданының Ақкөл және Милісай ауылдарында, Аманкелді ауданы Құмкешуде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп пайдалануға берілді, жылдың аяғына дейін Рудный қаласында 4 сумен қамтамасыз ету объектісін, психоневрологиялық интернатты пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға 5,4 млрд.теңге қарастырылады.

Қаражаттар білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы, сумен, электр күшімен, жылумен қамтамасыз ету объектілерін, канализацияны, тұрғын үй және тұрғын үй инфрақұрылымын, мәдениет, спорт, экология объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталады.

2008 жылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың инвестицияларды салу басымдығы сақталады. Тиісінше тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 29,9 және 8,1 млрд.теңге сомасында инвестицияларды игеру күтіледі. Ауыл, орман және аңшылық шаруашылығын дамытуға 19,8 млрд.теңге, көлік және байланысқа – 5,6 млрд. теңге, саудаға – 5,3 млрд. теңге бөлу қарастырылуда. Тұрғындар жеке құрылысқа 4,2 млрд теңген салуды қарастырады.