Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 19 из 32)

Экологиялық жағдай:

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарға кезең-кезеңмен жету арқылы қоршаған ортаны түбегейлі жақсарту;

тау кен өндіру саласы кәсіпорындарынан атмосфераға ластаушы заттардың шығырындысын азайтуды қамтамасыз ету;

су тазарту құрылыстарында ағын суды зиянды заттардан тазартып, оларды нормативтік көрсеткіштерге жеткізу;

қоршаған ортаны өндіріс, тұрмыс және тұтыну қалдықтарымен ластауды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

радиактивті қалдықтарды жинау және шығару, бюджеттік мекемелердің құрамында сынап бар жарықшамдарын демеркуризациялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

пайдаланаылған полигондар бойынша жер учаскелерінің рекультивациясын жүргізу;

қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын экологиялық талаптарға сай келтіру.

2.3. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының сандық индикаторлары

2009 жылы өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі 373,5 млрд. теңге немесе 2008 жылдың деңгейіне 114,7 пайызды құрайды. Табиғи түрінде мынадай өнеркәсіп өнімдері өндірілуінің ұлғаюы күтілуде: темір кен шекемтастары – 7 пайызға, мыс концентраты – 2,1 есеге, жартылай өндірілген алтын – 2,2 есе, кондитерлік өнімдер – 9,6 пайызға, макарондар –8,2 пайызға, өнделген сүт – 6 пайызға, сүт және қойытылған қаймақ – 5 пайызға, алкоголсіз сусындар - 7, жоғары трикотажды киім – 5,8, теріден жасалған аяқ киім – 8,6 пайызға.

2011 жылда өнеркәсіп өнім көлемін 472,8 млрд. теңгеге жеткізуге жоспарлауда, бұл 2008 жылдың деңгейінен 45,2 пайызға жоғары.

2008 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі: 2009 жылы 6 пайыз, 2011 жылы -17,4 пайыз болады.

2009 жылы астық өндіру көлемі 4800мың тоннаға жетеді, немесе 2008 жылға қарағанда 100,8 пайыз, оның ішінде бидай - 4385 мың тонна (100,1 пайыз). 2011 жылы астық өндіру көлемі 4810мың тоннаға, немесе 2008 жылға қарағанда 101пайыз, оның ішінде бидай – 4395,0 мың тонна (100,3 %).

2008 жылы майлы дақылдар жалпы өнімнің өсімі 2007 жылға қарағанда - 143,9 пайыз, оның ішінде рапс – 159,2 пайыз, ал 2011 жылы - майлы дақылдар өсімі - 177,1 пайыз, рапс - 192,9 пайыз болады.

2011 жылы майлы дақылдар жалпы өнімнің өсімі 79,5 мың тонна, немесе 2008 жылға - 177,1 пайыз, оның ішінде рапс – 71 мың тонна, немесе 192,9 пайыз.

Картоп өндірісінің көлемі 2008 жылы 121,8 мың тонна болады, 2011 жылы -155,8 мың тонна, немесе 2008 жылға 127,9 пайыз. Осы картоп көлемі халық қажеттілігін екі есеге арттырады.

Көкөністер өндірісі көлемінің біртіндеп өсуі жоспарлануда.

2009 жылы асыл тұқымды мал бастары өседі деп күтілуде: ірі қара мал бойынша өзіндік салмағы 8,4 пайызға, қой-ешкі – 0,4, шошқа - 1,2, жылқы - 1,5 пайызға.

2011 жылға дейін асыл тұқымды мал бастарының өсуі күтіледі, оның ішінде ірі қара мал бойынша 11 %-ке дейін, қой-ешкі –0,4 %, шошқа мен жылқы – 2,5 %.

2011 жылы жалпы өнімнің ауыл шаруашылығы жерлерінің 1 гектарға шаққандағы өсімі 2008 жылға шаққанда 3,7 мың теңге болып, 25мың теңгені құрайды деп күтілуде.

2011 жылға мемлекеттік қолдаудың ауыл шаруашылығы жерлерінің 1 гектарға шаққандағы көлемі төмендейді де, 2008 жылғы 1150 теңгемен салыстырғанда 970 теңге құрайды.

Шағын кәсіпкерлік.Қабылданған шаралар нәтижесінде 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 45415 бірлікті құрайтын болады, бұл 2008 жылдан 3,7 пайызға артық, жұмыс істейтіндердің саны 102285 адамға дейін жетеді, немесе 2008 жылдан 2,5 пайызға артық, тауар шығару, жұмыс, қызмет көрсету 8,6 пайызға өседі және 146710,2 млн. теңгені құрайды.

2011 жылы ШКС саны 2008 жылмен салыстырғанда 48952 бірлікке дейін өседі, немесе 11,8 пайыз, жұмыс істейтіндер саны – 107558 адам, өсім - 7,8 пайызға, тауар шығару, жұмыс, қызмет көрсетулер –172987,7 млн. теңге, өсім - 28,1 пайыз.

Білім беру.2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 3,8 мың адамаға өседі. 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқумен қамту 0,46 пайыздық пунктке көтеріледі.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда халықты техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 0,04 пайыздық пунктке, орта білімнен кейінгі білім беру - 0,1 пайыздық пунктке өседі.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орта білім берудің бір оқушысына мемлекеттік шығын көлемі 1,7 есеге өседі.

Туризм.2009 жылы туристік ұйымдармен туристерге қызмет көрсетуінің өсуі жоспарланып отыр, ішкі туризм бойынша 6,9 пайызға, шығу - 4,5, кіру туризмі – 3,1 пайызға.

Туристік ұйымдармен туристерге қызмет көрсету 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі жоспарланып отыр, ішкі туризм бойынша 12,3 пайызға, шығу – 13,6, кіру туризмі – 7,8 пайызға.

2008 жылы 2986 адамнан 2011 жылы 3288 адамға дейін жұмыскерлер санының өсуі болжамдалып отыр.

Экология.2009-2011 жылдары қарастырылып отыр:

2009 жылы 370 гектар бүлінген жерлерді қалпына келтіріп, мемлекет айналымына қайтару (2008 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға артық), 2010 жылы – 400 гектар (2008 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға артық) және 2011 жылы – 400 гектар (2008 жылға өсімі 14,3 пайыз);

2009 жылы ластаудың стационарлық көздерінен ластаушы заттар шығарындыларын 2008 жылғы деңгейде қалдыру -167,3 мың тонна, 2010 жылы - 169,3 мың тонна (2008 жылға өсімі 1,2 пайыз), 2011 жылы – 169,3 мың тонна (2008 жылға өсімі 1,2 пайыз);

табиғат қорғау іс-шараларына бағытталған қаражаттар көлемін 2009 жылы 1515,2 млн. теңгеге ұлғайту (2008 жылға өсуі 9,9 пайыз), 2010 жылы-1669,7 млн. теңгеге (2008 жылға өсуі 21,1 пайыз), 2011 жылы – 1836,7 млн. теңгеге (2008 жылға өсуі 33,2 пайыз);

табиғи су объектілерінен алынған су көлемін 2009 жылы 162,2 млн. текше метрге дейін ұлғайту (2008 жылға өсімі 1 пайыз), 2010 жылы 163,8 млн. текше метрге (2008 жылға өсімі 2 пайыз), 2011 жылы – 165,5 млн. текше метрге (2008 жылға өсімі 3,1 пайыз);

жыл сайын орманды авиация арқылы қорғау 550 сағат жоспарланып отыр.

3. Басымдықтар

3.1. 1-басымдық. Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру

3.1.1.1-шара. Экономикалық өсудің орталықтары мен «нүктелерін» дамыту

Облыс экономикасының алдында тұрған міндеттердің бірі экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын және өсу «нүктелерінің» - бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады.

Облыс экономиканы дамыту үшін қажетті әлеуетке ие: орналасқан жері географиялық тиімді, көрші өңірлерге автокөлік арқылы шыға алады, темір-жол қатынастарының желісі дамыған, электр энергиясымен және газбен жабдықталған, кәсіпорындар ТМД-ның және алыс шетелдердің ірі өнеркәсіптерімен тығыз ынтымақтастық орнықтырған, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеует бар.

Озық өсу аймақтарын қалыптастыруда адами, инвестициялық және инновациялық капиталды ынталандыратын өнеркәсіп, сауда-қаражат, білім орталықтары тіректі қалаларда басымдыққа ие, олар өз алдына экономикалық өсу «нүктелері» болуға тиіс.

Бүгінгі таңда облыстың негізгі өндіруші күштері 5 қалада шоғырланып отыр: Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара.

Қалалар дамуының негізгі бағыттары: индустриялды-инновациялық, соның ішінде шағын кәсіпкерлік, қызмет көрсету саласы, аграрлық өніеркәсіп саясатыты іске асыру, тұрғын үй құрылысы, адамзат капиталын дамыту, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат, ішкі экономикалық қызмет, аумақтық дау, табиғи капиталды тиімді пайдалану.

Қостанай қаласыҚостанай облысының облыс орталығы, республикалық деңгейдегі өсу «полюстерінің» бірі болып табылады.

Қала экономикалық қызметінің негізгі түрі: азық-түлік өндірісі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, және жиһаз жасау, баспа ісі, құрылыс материалдарын шығару, сауда, қызмет көрсету саласы.

Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты.

қаланың даму басымдықтары белгіленді:

экономиканың өндірістік секторын әрі қарай қайта құрылымдау және дамыту, бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бағытталған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дамыту;

ішкі және сыртқы инвесторларды тарту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту,

инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар құру;

халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету және тұрмыс деңгейін жоғарлату,тұрғын үй құрылысы, қаланы көркейту, қала көшелері және жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу мәселелерінде белсенді саясат жүргізу.