Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 15 из 32)

1.3.3. Технологияларды және инновацияларды дамыту

2007 жылы машина жасау кәсіпорындарымен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендірудің Целинный ғылыми-зерттеу институты» ДГП белсенді ынтымақтастықта болды. Институт жаңа жобаларды пайдалануға негізделген меншікті технологияларын енгізді, ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ұсыныстардың бір қатары, көрнекті оқу құралдары шығарылды. Қабылдау және сертификаттық сынақтар өткізу мәселелерінде институт «Агротехмаш» ЖШС, «АгромашХолдинг» ҚФ, «Экспро» ЖШС, «Дормаш» ЖШС және т.б. ауыл шаруашылық техникаларын әзірлеуге және игеруге бағытталатын облыс кәсіпорындарымен ғылыми-практикалық байланысын үзбей отыр. Институт базасында семинарлар және ауыл шарушылық кәсіпорындарының жоғары және орта топтағы мамандарды оқыту өткізіліп тұрады.

Қостанай дизель зауыты өндірісті қалпына келтіру мезгілінен бастап Қостанай инженерлік-экономикалық институтымен ынтымақтастықта келеді.

1.3.4. Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы қыркүйектегі № 407 Жарлығымен Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік даму тиімділігін арттыру мақсатында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды және Қостанай қаласында орналастырылды. Қазіргі уақытта «Тобол» ӘКК» ҰК» АҚ облыстың инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру және жер қойнауын пайдалану объектілеріне инвесторларды тарту жөніндегі жұмысын жүргізуде.

Облыста 39 кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдары қызмет етуде, соның ішінде: 4 қоғамдық қоры, 32 қоғамдық бірлестігі, Қостанай облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы, шағын кәсіпкерлікті қолдаумен айналысатын 1 бизнес-инкубатор және халықаралық ұйым қызмет атқарады.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне ақысыз 32 мемлекеттік коммуналдық меншігі тапсырылды, аукционда 43 объект сатылды.

1.3.5. Мемлекеттік даму институттары арқылы іске асырылатын жобалардың тиімділігі. Нәтижелердің бағалары

Мемлекеттік даму институтының қолдауымен «Қазақстан даму банкі» АҚ екі басым жобаны іске асыруда:

1. «Казхимволокно» ЖШС Қостанай қ. АРНИКС өнімінің өндірісі жөніндегі технологиялық кешенді іске қосу және іске асыру (жартылай амид талшығы, талшықты-қабықшалы байланыстыратын комплексті жіп). Жобаның құны - 3036,0 млн. теңге (23 млн. АҚШ доллары).

Қазақстанның даму банкімен жобаны 9,5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыру мақұлданды, соның ішінде 6,5 млн. АҚШ доллары игерілді. 2006 жылдың қыркүйек айында зауыт сынақтан өтті. 92 жұмыс орны құрылды. Банк жобасын әрі қарай қаржыландыру мәселесі шешілуде;

2. Қостанай дизель зауытында жинақтау өндірісін дамыту, сондай-ақ «АгромашХолдинг» АҚ меншікті конструкторлық әзірлемелер негізінде техника мен дизелді қозғағыш өндіру.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ 20 млн. АҚШ доллары мөлшерінде кредит бөлді, 19,6 млн. АҚШ доллары игерілді. 709 жұмыс орны құрылды.

Шағын бизнестің инвестициялық жобалары «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ қолдауында іске асырылуда, ол 2007 жылы 652,5 млн. теңге жалпы сомасына 68 жобаны қаржыландырды.

1.4. Қорытындылар

2007 жылы бір жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 624,6 мың теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 45,4 пайызға өсті (2006 жылы – 429,5 мың теңге).

Облыс өнеркәсібінде2007 жылы өндіріс өсті: агломерирленген кен 4,2 пайызға, құрамында алтын бар кен 40,1 пайызға, темір кенді шекемтастар мен бокситтер 1,1 пайызға, шұжық өнімдері – 25,9, өнделген сүт – 6,3, сары май – 7,1 пайызға, ірімшік пен сүзбе 24,3 пайызға, йогурт – 12,2, ұн 29,0 пайызға, кондитерлік өнімдер – 10,6 пайызға, нан – 2,4 пайызға, макарон - 1,7 есе, сүт және қойытылған қаймақ - 2,6 есе, алкогольсіз сусындар- 2,7 есеге өсті.

2008 жылы өнеркәсіп өнім өндірісінің жоспарланған көлемі 325,7 млрд. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 140,3 пайызды құрайды.

2007 жылы облыста ауыл шаруашылығыныңжалпы өнімі 188,9 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлемнің индексі 2006 жылмен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.

2007 жылы астық алқабы 3957,8 мың гектарды құрады, ол 2006 жылғыдан 344,1 мың гектарға артық. Негізгі астық дақылы бидай 3671,8 мың гектар алқапта орналастырылды, ол 2006 жылғыдан 364,7 мың гектар көп.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың барлық түрлерінің өсіміне қол жеткізілді: ірі қара мал – 2,7 пайызға (оның ішінде сиыр 3,4 пайызға), қой мен ешкі – 4 пайызға, шошқа - 4,8 пайызға, жылқы – 4,2 пайызға, құс – 9,4 пайызға.

Барлық нысандағы қожалықтар 2007 жылы 230,2 мың тонна ет, 607,4 мың тонна сүт және 383,3 млн. дана жұмыртқа өндірді. 2006 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің көлемі - 2,2 пайызға, сүт – 3,7 пайызға, жұмыртқа – 7,6 пайызға өсті.

2008 жылы 2007 жылға қарағанда күтілетін өсім:

астық және дәнді дақылдар алқабының өсімі – 201,3 мың гектарға, оның ішінде бидай – 171,9 мың гектарға, майлы дақылдар – 19,4 мың гектарға, оның ішінде рапс – 12,1 мың гектарға, картоп және көкөністер – 0,2 мың гектарға;

өндіріс көлемінің көбеюі: ет – 1,5 пайызға, сүт – 2,2, жұмыртқа – 2,3 пайызға.

Облыс тұрғындарының орташа айлық нақты ақшалай табысы 2007 жылы 21860 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда (16566 теңге) 32 пайызға өсті.

Жалақы көлемі ақшалай табыстың өсуін маңызды түрде сипаттайды. 2007 жылы шағын кәсіпорындардағы жұмыскелер санын қоса есептегендегі бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 36156 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға өсті. Нақты жалақы 17,3 % - ға өсті.

2007 жылы орташа айлық зейнетақы мөлшері (базалықзейнетақы төлемін есептегенде) 2006 жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға өсті.

Жұмыссыздық деңгейінің 2006 жылы 7,8% - дан 2007 жылы 7,5% - ға дейін төмендегені байқалды, ол өндірістің өсуі мен экономиканың әр түрлі салаларында жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты.

Кедейшілік деңгейі 2006 жылы 2% - дан 2007 жылы 1,5% - ға дейін қысқарды.

2. 2008-2010 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары

2.1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелері

Электр энергетикасы:

1. Қостанай облысында қуат көзі тапшы. Облысқа Екібастұз – Павлодар энергия кешенінен 70 пайызға дейін электр энергиясы жеткізіледі. Жүктеменің өсуі тек облыс бойынша жыл сайын 3-5 пайызды құрағанда, генерациялық қуаттар негізінен артып жатпағандықтан, республиканы төніп тұрған электр энергиясының тапшылығы алаңдатуда.

Бүгінгі таңда Рудный ЖЭО-ын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, онда қуаттылығы 63 МВт турбоагрегат қондырылады. Алайда барлық өндірілетін электр энергиясы «ССКӨБ» АҚ өз қажеттіліктеріне қарай пайдаланылады да, облысты электрмен жабдықтау мәселесін шешпейді.

Энергетикалық қуаттылықтың тапшылығын жабу үшін энергетикалық көмірдің жергілікті кен орындарының базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ГРЭС құрылысын жүзеге асыру қажет. Облыста энергетикалық көмірдің үлкен қоры бар. Кен орнының әр бөлшегіне дейін зерттеген Уралгипрошахт институтының жұмыс нәтижелері бойынша жылына жалпы өнімділігі 119 млн. тоннаны құрайтын алты ірі көмір өндіруші кен орындары құрылысын жүргізуге мүмкіндік бар, бұл жалпы қуаттылығы 20 мың МВт құрайтын электр станциясын көмірмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы электр станциясын салмай, болашақта облысты электрмен жабдықтау мәселесін шешу мүмкін емес.

2. Қазақстан Республикасы бойынша электрмен жабдықтаудың ең жоғарғы тарифтерінің бірі Қостанай облысында – 8,0456 теңге/кВт.с (ҚҚС-пен).

Мұндай жоғарғы тарифтің болуының себебі мынада:

облыс электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруге Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғары тарифті қолданатын солтүстік-батыс аймағына жатады (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372 – НҚ бұйрығымен бекітілген «Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметке тарифтерді есептеу әдістемесіне» сәйкес);

облыста 110-35 киловольт және 10-0,4 киловольт желілеріне екі меншік иесі бар – «Межрегионэнерготранзит» ЖШС және «Костанайский Энерго Центр» ЖШС және бұлардың әр қайсысы үшін өз желілері бойынша тасымалдауға тариф бекітілген;

уәкілетті органмен тасымалдау тарифіне инвестициялық құрама қосылады, мүлікті жалға алудың шығындары, олардың нақты орындалуын ешкім бақыламайды.