Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 14 из 32)

Облыс бойынша қазылып бұзылған жерлер көлемін қалпына келтіру әрдайым өсуде: 2005 жылы – 291 гектарды, 2006 жылы – 296 гектарды, 2007 жылы - 314 гектарды құрды.

Қалдықтарды жинау көлемін нақтылау мақсатында облыста жыл сайын ҚТҚ полигондар-үйінділерге және бұзылған жерлерге түгендеу жүргізіледі.

Елді мекендерді жиналған қалдықтар мен ұйымдастырылмаған үйінділерден санитарлық тазарту, сондай-ақ ҚТҚ полигондары мен үйінділерді санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі көктемгі және күзгі айлықтар жүргізілген. 2007 жылы ұйымдастырылмаған қалдықтардың 1600 үйіндісі жойылған, ол 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтар.Қостанай облысының ҚТҚ полигондар-үйінділерінде қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы саны 5320,0 мың тоннаны құрады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың орналасқан көлемі – 2065 гектар.

Облыста ҚТҚ ұйымдастырылған полигон-үйінділер саны 728 құрады. 500 жуық ҚТҚ полигондар-үйінділері санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келтірілді.

Оларды нақты заңды тұлғаға бекітіп беру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде қалдықтарды жинауға арналған көлемдер азаяды, үйінділер жанындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ластануы азаяды, жақын тұрған елді мекендердің экологиялық жағдайы жақсарады.

Облыс аумағында қатты қалдықтардың негізгі үлесі өнеркәсіп қалдықтарына жатады, оларға тау кәсіпорындары қалдықтары, сондай-ақ күл, қож қалдықтары жатады.

2007 жылы пайда болған өнеркәсіп қалдықтардың жалпы саны 260,0 млн. тоннаны құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 12,7 млн тоннаға немесе 5,1 пайызға артық. Аршыма тау жыныстар көлемін ұлғайту кеніштердегі кен игеру көлемінің ұлғаюына байланысты.

Облыста жыл сайын пайда болатын қалдықтар екінші қайтара пайдалануы 2 пайыз, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-50 пайызға дейін жетеді.

«Аллюминий Казахстана» АҚ (КБРУ және ТБРУ) тау жұмыстары барысында пайда болған қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту және олардың жиналуын азайту үшін кәсіпорын карьерлердің қазылған кеңістігіне аршыма тау жыныстарын орнатады. Табиғат қорғау іс-шаралары есебінен КБРУ-да 2007 жылы өнеркәсіп қалдықтары (аршыма тау жыныстары) 7900 мың текше метрге қысқарған. Торғай кен басқармасында (ТБРУ) 2007 жылы карьерлердің қазылған кеңістігіне 2140 мың текше метр бос аршыма тау жыныстары орналастырылды.

Рудный қаласы «ССТӨБ» АҚ-ның шаруашылық қызметінің нәтижесінде (2008 ж. 01.01. дейін) өндірістің орасан зор қалдықтары қалыптасты, аршыма тау жыныстары – 5903,714 млн. тонна, ылғалды магнитті айыру қалдықтары 462640,0 млн. тонна болды.

Құрғақ магнитті айырудың қалдықтарын, ұсақталған тас кесектер мен тастақ жыныстарды көліктік қатынастар құрылысына пайдалану өндірістік қалдықтардың пайда болуын жыл сайын 1600-1800 мың тоннаға азаюын қамтамасыз етті.

«Костанайские минералы» АҚ ұсатылған аршыма тау жыныстары қиыршықтас пен карьердегі темір жолдарына төсенішіті өндіру үшін пайдаланылады - жылына 70-90 мың тонна.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы жыл сайын өңдеу мен пайдалануға берілетін 100, 0 мың тонна баланстан тыс кен өндіреді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың өңірлік облыстық ғылыми-негізделген бағдарламасын әзірлеуге 6,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген. «Қостанай, Рудный қалалары және Қостанай ауданының қалдықтарын кешенді басқарудың жүйесін құру» нысаналы бағдарлама» жобаның іске асырылуын бағдарлама әзірлеуші - «Технологиялар инжинирингі мен трансферт орталығы» АҚ орындайды, Астана қаласы.

Су қорларының жағдайы.Тобыл өзені мен оның салалары Қостанай облысының тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.

Қалалардың, шаруа қожалықтардың, бақша қоғамдарының шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану үшін Қостанай облысында 7 су қоймасы салынып, пайдаланылады, олардың көлемі:

1) Желқуар – 34,0 млн. текше метр;

2) Жоғарғы Шортанды -3,6 млн. текше метр;

3) Жоғарғы Тобыл -816,6 млн. текше метр;

4) Қызыл Жар -9,73 млн. текше метр;

5) Қаратомар – 586,0 млн. текше метр;

6) Сергеев – 5,0 млн. текше метр;

7) Аманкелді – 6,75 млн. текше метр;

Облыс аумағы жердің ылғалдығы жеткіліксіз аймақта орналасқан және сондықтан оның шегіндегі жер үсті су қоры үлкен емес. Жергілікті жер үстіндегі ағынды қар жамылғысының ерген кезінде қалыптасады.

Су сапасының шекаралас мониторингі шеңберінде Тобыл, Шортанды, Желқуар, Обаған өзендері және ауыз су бағытындағы су қоймасы зерттелген. Талдау нәтижесі бойынша шекаралас облыстармен ақпарат алмасу жүргізіледі – Қорған және Челябі. Тобыл өзенінде суды ластау индексі (СЛИ) биогендік элементтер мен оттегі тобы бойынша орташа 0,60 құрады, ол 2 класқа сәйкес – таза су.

Қостанай облысында кәсіпорындардың жер үсті су қоймаларына рұқсат етілмеген 6 төгінді бар.

2007 жылдың ішінде ағын суларды жер үсті су қоймаларына төгу 11477,5 мың текше метр құрады, ол 2006 жылға қарағанда 14 % төмен. 2006 жылмен салыстырсақ, ластау заттар үйінділерінің көлемі 23 мың тоннаға азайды. Ағын көлемінің азайтылуы «Алюминий Казахстана» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы (КБРУ) карьерлердің біреуін қазылу себебімен карьерлік сутөкпенің жұмысының бітуіне байланысты.

Экологиялық талаптарды сақтау мен су қорғау іс-шараларын сақтауға қатаң бақылау жүргізіледі. Мысалы суды тиімді пайдалану және үйінді көлемін азайту мақсатында тау кен өндіру кәсіпорындары карьер суларын жұмыс алаңдарында шаңды басу мақсатында суармалау үшін пайдаланады. «ССТӨӨ»АҚ күл, қожды тасымалдау үшін қалдық қоймасының суын қайта пайдаланады.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары балансында жататын жергілікті канализациялық тазарту құрылыстары (КТҚ) жұмысының тиімділігі тұрақты бақылануда. Олардың негізгі бөлігі қанағатсыз жағдайда тұр, күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды талап етеді. Республикалық трансферттер есебінен Қостанай қаласының Қостанай-2 қысымды канализациялық коллекторы салынды.

1.3. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

1.3.1. Өңдеу өнеркәсібінің басымды салаларын дамыту

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2006-2007 жылдарға 44,2 млрд. теңге сомасына 39 инвестициялық жоба, соның ішінде 2007 жылға -26,6 млрд. теңге сомасына 19 жоба іске асырылды.

Азық-түлік және құрылыс материалдарының өндірісі секілді өндеу өнеркәсібінің салалары осы бағдарламаны іске асырудағы басымды бағыттар болып табылады.

2007 жылы өңдеу өнеркәсібінде барлығы 17 инвестициялық жоба іске асырылды, инвестицияның жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдан 3 есе артық. 637 жұмыс орындары құрылды.

2008 жылы Стратегия шеңберінде 4,2 млрд. теңге құнымен 18 жоба іске асырылды және 479 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Өңдеу өнеркәсібінде мынадай ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда:

«Пластстандарт» ЖШС – «Полиэтиленді құбырларын шығару», жобаның құны – 572,2 млн.теңге, 120-ға дейін жұмыс орындарын құру жоспарлануда;

«Милх» ЖШС – «Сүт өндіру бойынша зауыт құрылысы», жобаның құны – 1260 млн. теңге, 60 жұмыс орындарын құру жоспарлануда;

«ПТК«Содружество» ЖШС – «Рапс майының өндірісі», жобаның құны – 1142,7 млн. теңге, 55 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ 2008 жылы «ССТӨБ» АҚ «Металдандырылған өнім өндірісі зауытының құрылысы», 108,0 млрд. теңге құнымен (900 млн. АҚШ доллар) инвестициялық жобаны іске асыруға кіріседі, іске асыру мерзімі – 2008-2013 жылдар және «Музбель» ЖШС – Шевченковский кенорнының негізінде құрамында никель бар кенді қайта өндіру бойынша тау-кен қайта өндіру комбинатының құрылысы, 82,3 млрд. теңге құнымен (670 млн. АҚШ доллар), іске асыру мерзімі – 2008-2013 жылдар, олар «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылар» бағдарламасына енді.

1.3.2. Жоғары үстеме құны бар экспортқа бағытталған өнімді шығару

Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен бекітілген, Жоғары үстеме құны бар жеке меншік өндіріс тауарлар тізіміне енгізілген өнім жоқ.