Қамысты және Қарабалық аудандарының ауылдарында, Қарасу ауданының ауылдарында – 3, Таран ауданының ауылдарында - 2, Арқалық қаласы Фурманов ауылы және Қостанай қаласында спорт алаңдары жасанды жабумен жабдықталды.
2008 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағында 2 спорт сарайы, 16 жүзу бассейні, 14 спорт кешені, 32 спорт құрылымы, 617 спорт залы, 98 ату тирі, 21 шаңғы базасы, 23 теннис корты, 1025 жазықтық құрылымдар, 35 хоккей корты, 159 кіріктірілген спорт залдар, 46 әртүрлі құрылымдар бар. Осы құрылымдардың өткізу қабілеті 45,6 мың адамды құрады, немесе облыс халқының 5,1 пайызын құрайды.
2007 жылы 1294 спорт ұжымдары жұмыс істеді, бұл 2006 жылға қарағанда 97,7 пайызды құрады, сол ұжымдарда 211,0 мың адам спортпен шұғылданды (2006 жылға 99,2 пайыз).
Қалалар мен аудандарда салауатты өмір салтын үгіттейтін 2,5 мың іс-шаралар өткізілді, бұл 2006 жылға қарағанда 13,6 пайыз артық, оның ішінде ауылдық жерде – 1,7 мың немесе 54,5 пайыз артық іс-шара өткізілді.
Олимпиадалық резервті дайындау жұмыстарын жасөспірім балалар спорт мектептері мен олимпиадалық резервті даярлау орталығы жүргізеді. 2007 жылы 27 жасөспірім балалар спорт мектептерінің саны 27-ні құрады жзәне 2006 жылмен салыстырғанда «Облыстық жасөспірім балалар футбол мектебінің» ашылуына байланысты 1 бірлікке ұлғайды. Жасөспірім балалар спорт мектептерінде 14,7 бала спортпен шұғылданды (2006 жылға қарағанда 105,2 пайыз), бұл жалпы білім беретеін мектеп оқушыларының 12,2 пайызын (2006 жылы – 11,1 пайыз) құрды.
Жасөспірім балалар спорт мектептері оқушыларының сабағын 456 жаттықтырушы мұғалім (2006 жылға қарағанда 102,7 пайыз), оның ішінде 270 штаттық жаттықтырушы мұғалім (105,4 пайыз) жүргізеді.
Спорт ұйымдары 2007 жылы 1 разрядты - 308 спортшы (2006 жылға – 107,7 пайыз), спорт шеберіне үміткер – 213 адам (115,8 пайыз), 42 спорт шеберін (107,7 пайыз), 6 халықаралық кластағы спорт шеберін (85,7 пайыз) дайындады.
2007 жылы Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне 1396 спортшы (2006 жылға – 106,4 пайыз), соның ішінде спорттың күштік түрлерінен - 739 спортшы қатысты. Барлық қатысушылардың 464-і (2006 жылға қарағанда– 113,3 пайыз) жүлделі орындарды иемденді.
Қазақстан Республикасының құрамаларына 217 спортшы кірді, немесе 2006 жылға қарағанда 103,3 пайыз артық.
Облыста 13 мың адам (2006 жылмен салыстырғанда 114,2 пайыз) айналысатын 121 жасөспірім балалар спорт клубтарының жұмысы ұйымдастырылды (3 клубқа ірілендіруге байланысты 2006 жылғыға қарағанда олардың саны аз) Барлық клубтың 8-і кәсіптік болып табылады, онда 537 адам шұғылданады. Денешынықтыру қауымдастығы әртүрлі спорт түрлерінен 33 қоғамдық құрылымдар құрды.
2008 жылды бағалау.2007 жылмен салыстырғандаЛисаков қаласында спорт кешенін, Жанкелді ауданындағы Ақкөл аулында мектеп спорт залын және 6 жазықтық құрылымдарын салу жұмыстарының аяқталуы есебінен 2008 жылы спорт құрылымдарының саны 8 бірлікке артты. Спорт құрылымдарының саны 2090 бірлікті құрады.
Облыс аумағында 280,0 мың адам қатысқан 2,5 мың спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді. ІІ шаңғы Фестивалі, «Тың - 2008» ХХІІІ Спартакиадасы, Қостанай облысының жасөспірім балалар спорт мектептерінің ІІ кіші Олимпиадалық ойындары сияқты кешенді спорттық іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасының спорт ардагерлерінің ІІ Стартакиадасына, әр спорт түрлерінен Республика чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысуға облыс құрамаларын және 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін халықаралық жарыстарға алдыңғы қатардағы спортшыларды дайындау қамтамасыз етілді.
«Тобыл» футбол командасы Қазақстан Республикасының чемпионаты суперлигасына және Қазақстан мен УЕФА Кубогы ұтысына қатысты. «Тобыл» баскетбол командасы Республика Кубогы ойынына және ұлттық лига чемпионатына қатысты.
1.2.9. Табиғатты пайдалану және тұрақты дамыту экологиясы
Экологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, апатты жағдайлар байқалған жоқ.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста қаржы-шаруашылығы қызметімен айналысатын 16,5 мың жеке және заңды тұлға тіркелген, соның нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның ластануы пайда болады. Оның ішінде табиғатты пайдалануға рұқсатты 11,5 мың адам ресімдеп жүр. 2007 жылы қоршаған ортаны ластау үшін түсімдер сомасы 1338,3 млн.теңгені құрады, тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері болып табылады.
Облыста «Қостанай облысының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға барлық кезеңге 4564,0 млн.теңге жоспарланған. 2008 жылға дейінгі мерзімге 1379,1 млн.теңге бөлінген.
2007 жылы жергілікті бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 1200,2 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде: су қорларын қорғау және тиімді пайдалануға – 11,2 млн.теңге, флора мен фаунаны қорғауға – 859,5 млн.теңге, өндіру және тұтыну қалдықтарын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздігіне – 328,6 млн.теңге. 1199,3 млн.теңге немесе 99,9 % игерілді.
Бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрамында сынап бар жарық шамдарды димеркуризациялау (32350 бірлік), бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың пайдалануға жатпайтын зиянды сәуле шашатын иондалған көздерін жинау және шығару (220 бірлік) жөніндегі жұмыстар орындалды, жер бедеріне және жағаны ағын сумен апат болдырмау мақсатында Жангелді ауданындағы «Орысөлген» және Жітіқара ауданындағы Шевченков селосындағы Двуреченский бөгеті қалпына келтірілді.
Алтынсарин ауданындағы Обаған селосында, Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл селосында, Федоров ауданындағы Федоров поселкісінде және Лисаков қаласында барлығы 17,9 га көлемінде ҚТҚ полигондары экологиялық талаптарға сәйкес келтірілген.
Орманды қалпына келтіру және орман өсіру (оның ішінде орман өртінен кейінгі оңалту), жануарлар әлемін қорғау, санитарияны қамтамасыз ету, елді мекендерді көркейту және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
Қостанай қаласының Қостанай-2 тұрғын ауданының құрылыс инженерлік қатынастырының жобалық-сметалық және іздеу жұмыстары республика трансферттері есебінен орындалды (70,8 млн.теңге).
Атмосфералық ауаның жағдайы.Қостанай облысының әуе алабының жағдайы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда атмосфералық ауаның сапасы кәсіпорындардан шығарындылар көлемі көбеюіне байланысты нашарлай түсті.
2007 жылдың ішінде атмосфераға ластаушы заттардың жалпы өнеркәсіптік шығарындылар көлемі 165,3 мың тоннаны құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 34,4 мың тоннаға артық. Ол облыс кәсіпорындары өндірістік қуаттылығының өсуіне, сондай-ақ жаңа кен орындарының игерілуін, ауылдық жерлерде әлеуметтік саланы дамытатын аудандық орталықтырдың тұрғын үй аймақтарында стационарлық көздері санының көбеюіне байланысты. Сонымен қатар, жылыту маусымында облыс халқының шығарындысы көбейтіледі.
Автокөлік облыс бойынша атмосфераны ластаудың негізгі көзі болып табылады, 2007 жылдың ішінде шығарынды үлесі бастапқы есеп құжаттамасы бойынша жылына 226,3 мың тоннаны құрады немесе шығарындылар жалпы көлемінің 57,8 % (391,6 мың тонна), ол 2006 жылмен салыстырғанда 66,6 мың тоннаға артық.
Автокөліктен жер қабатындағы атмосфералық ауаның сапалы параметрлерінің нашарлануы біріншіден көлік бірліктерінің көбеюіне байланысты. Осылайша, Қостанай облысының статистикалық есептік ақпараты бойынша 2007 жылы ресми тіркелген көлік саны 166821 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 556 бірлікке артық.
2007 жылы тау-кен өндіру кәсіпорындарында шығарындылар көбейтіледі:
«Варваринское» АҚ – кәсіпорындар объектілерінде тау жұмыстарын шұғыл жүргізу, ол атмосфералық ауаға шығарындыны жылына 138 тоннаға көбейтті;
«Тохтаровка» ЖШС - көліктік коммуникацияларды дайындау және кен орнын геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде 2007 жылы атмосфералық ауада 43,5 тоннаға дейін шығарындылар өскен, ол 2006 жылмен салыстырғанда 32,6 тоннаға артық.
«Өркен» ЖШС - концентратты фосфорлау цехы ашылып, іске қосылуына байланысты нәтижесінде атмосфералық ауада 1100 тоннаға дейін шығарындылар өскен.
Жер қорларының жағдайы.Облыста ластау нәтижесінде айналымнан шығарылған 20 мың гектардан астам жер бар. Статистикалық мәліметтер бойынша қазылып бұзылған жерлер көлемі 2300 гектарды құрайды. Қазылып бұзылған жерлер шаруашылық қызмет ету барысында кәсіпорындар қалпына келітіреді.