Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 11 из 32)

Облыстың жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу дамыған. 2007-2008 оқу жылының басында магистратурада 168 студент оқыды (алдыңғы оқу жылынан 64 адамға көп), 96 оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 28 адам адам қабылданды (19 адамға көп).

Жоғары білім алғысы келген оқушыларды қолдау мақсатында белгілі бір жұмыстар жүргізілді. 120 студентке оқуға кететін шығынды жабу үшін облыстық бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 60 студент Қостанай педагогикалық институтында және 60 студент Астана және Қарағанды қалаларының академиясында оқиды.

Аудандық және қалалықбюджеттердің қаражаты есебінен оқуға кеткен шығынды жабу үшін 201 адам еңбек рыногында керек мамандық бойынша әлеуметтік көмек алды, шаруашылық субъектісі есебінен – 102 адамкөмек алды.

2008 жылды бағалау.2008-2009 оқу жылының басында мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 5 бірлікке көбейіп, 96-ға жетті.

Мектепке дейінгі ұйымдар санының өсуі Рудный қаласында, Алтынсарин ауданы Обаған аулында, Аманкелді ауданы Аманкелді аулында, Сарыкөл ауданы Комсомолец аулында және Әулиекөл ауданы Новонежин аулында, Федоров ауданы Шаңдақ ауылында бала бақшалар ашу есебінен артқан, Қостанай ауданында дербес шағын орталық таратылып, жалпы білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық болған және Қостанай қаласында бір мемлекеттік емес шағын орталық жабылды. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының және шағын орталықтардың контингенті 0,2 мың адамға азайды және 30,1 мың баланы құрады.

Облыста мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктердің орнын жабатын және халықтың мектепке дейінгі білім беру қызметтерін қол жетімдігін қамтамасыз ететін шағын орталықтардың желісін дамыту жанданып келеді және олардың саны 516 бірлікті құрады.

Мектептер саны 25 бірлікке азайды. «Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған № 1 Рудный мектеп-интернаты» ММ «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Рудный балалар үйі» ММ болып қайтадан құрылған, Қостанай қаласының «№ 28 орта мектебі»ММ «№ 16 кәсіптік лицей» ММ болып қайтадан құрылған. Арқалық қаласындағы орта техникалық мектеп пен Рудный қаласындағы № 6 орта мектеп жабылған, Қостанай қаласындағы № 3 мектеп-балабақша ясли-балабақша болып қайта құрылса, оқушылар контингентінің азаюы немесе болмауына, мемлекеттік нормативті желілерге сәйкес келмеуіне байланысты 20 ауылдық бастауыш мектеп жабылды. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің контингенті 5,4 мың оқушыға кеміп, 114,6 адамды құрады.

«№ 16 кәсіптік лицей» ММ ашылуына байланысты кәсіптік мектептердің (лицейлердің) желісі 1 бірлікке көбейді және 16 бірлікті құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы кәсіптік мектептерде (лицейлерде) оқитын оқушылардың контингенті 0,7 мың адамға көбейген және 8,4 мың оқушыны құрады.

Кәсіптік мектепте (лицейлерде) оқыту 59 жұмысшы мамандығы бойынша, колледжде – 83 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрінде жүргізіледі.

Колледждерде оқитын студенттердің саны 0,1 мың адамға артқан және 24 мың адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік – 14,9 мың адам және мемлекеттік емес колледждерде – 9,1 мың адам оқиды.

2008/2009 оқу жылы басында жоғары оқу орны желісі 1 бірлікке кеміді, Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей университетінің филиалы қашықтықтан оқыту орталығы болып қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік (азаматтық) оқу орындарындағы студенттер контингенті 19,6 мың адамды құрады, немесе алдыңғы оқу жылынан 0,4 мың адамға кем, мемлекеттік емес жоғары оқу орнында – 8,4 мың адам, немесе 2007/2008 оқу жылынан 4,2 мың студентке кем. Студенттер контингентінің азаюы студенттердің көптеп шығарылуына, студенттерді қабылдаудың азаюына байланысты болды, мектепте оқитын 11 сынып оқушылары азайды.

Экономика салаларына білікті кадрлар қажеттілігіне және білімнің 3 деңгейлі жүйесіне (бакалавриат, магистратура және философия докторы) көшуіне байланысты магистратураға түсушілердің саны 27 адамға көбейіп, 55 адамды құрады.

1.2.6. Денсаулық сақтау

2007 жылы облыстағы денсаулық сақтау желісі 181 дербес амбулаторлық-емханалық ұйымдардан құрылды, соның ішінде 155 мемлекеттік және 26 жекеменшік.

Мемлекеттік амбулаторлық-емханалық ұйымдарға 143 дәрігерлік амбуллатория (ауылдарда орналасқан ), 8 емхана, БМСКК орталығы, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері және Қостанай мен Арқалық қалаларындағы ЖҚТБ-мен күресу және оның алдын-алу жөніндегі екі орталық кіреді.

Жекеменшік амбулаторлық - емханалық ұйымдардың санына 17 дәрігерлік амбулатория мен 9 емхана кіреді.

2007 жылы 49 мемлекеттік және 8 мемлекеттік емес ауруханалар жұмыс жасады.

2007 жылы тұрғындарға (жекеменшік құрамдарды қоса алғанда) 2207 дәрігер (соның ішінде 1941- мемлекеттік денсаулық сақтау департаменті жүйесінен), 6846 орта буынды медициналық қызметкер (соның ішінде 6272 - мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінен ) медициналық көмек көрсетті.

Облыстағы емдеу ұйымдарында 502 дәрігер, соның ішінде селода - 171 дәрігер жетіспейді. Біріншіден бұл терапевтер, хирургтар, педиатрлар, акушер-гинекологтар мен анестезиологтар. 2007 жылы облысқа медициналық академиялардың 23 түлегі, соның ішінде селоға - 13 адам келді.

2008 жылғы қаңтарға қарағанда облыстың бүкіл ауылдық дәрігерлік амбулаториялары, фельдшерлік-акушерлік, фельдшерлік пунктеріқайта ұйымдастырылды. Бұлардың базасында құрылғандар: 1 БМСКК орталығы, 143 дәрігерлік амбулаториялар, 408 медициналық пункттер.

2007 жылы мемлекеттік ЕПҰ керуерттік қоры 20 керуертке ұлғайып, 6714 керуертті құрады.

10 мың тұрғынның кереуетпен қамтамасыз етілуі 74,6-ны (2006 жылы - 73,9) құрады.

Нәрестелер өлім-жітімі 1000 туған тірі балаға шаққанда 2007 жылы 14,14-і құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 22,4 пайызға (2006 жылы-11,55) көбейді. 2007 жылы 100 мың тірі туған балаға шаққанда аналардың өлім-жітімі 2006 жылғымен салыстырғанда өзгере қоймады және 26,0 (2006 жылы – 25,9) құрады.

2006 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынның туберкулёзбен ауруы 1,1 пайызға төмендеп, 148,8-ді ( 2006 жыл - 150,4 ) құрады.

2007 жылы ВИЧ – инфекциясы бойынша 86,5 мың адам тексерілді, бұл 2006 жылға қарағанда(66,5 мың адам) 30,1 пайызға жоғары.

Облыстық медициналық ұйымдардың және халықтың дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін 2007 жылы 504 дәріханалық ұйым жүзеге асырды.

Тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2007 жылы 839,0 млн. теңгеге келісімшарт жасалды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 32 пайызға өсті.

Облыстық емдеу-профилактикалық мекемелеріне 1,5 млрд. теңге сомасына 40 бірлік санитарлық автокөлік, медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық қолданыстағы бұйымдар сатып алынды, 30 БМСКК телефондандырылды.

Осының нәтижесінде дәрігерлік амбулаториялардың автокөлікпен жарақтандырылуы 93 пайызды, медициналық пункттердің жарақтандырылуы - 16,4 пайызды құрады.

Аудандық орталық ауруханалардың медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуі 48,9 пайызды, дәрігерлік амбулаториялар - 81,1 пайызды, медициналық пункттер - 72,9 пайызды құрады.

Дәрігерлік амбулаторияларды телефонмен жабдықтау 96,5 пайыз, медициналық пункттерді - 90,2 пайызды құрайды.

2007 жылы облысымыздың 48 денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеуге 571 млн. теңге, облыстық 266 денсаулық сақтау ұйымдарын ағымды жөндеуіне - 231 млн. теңге бөлінді.

2007 жылы аймақтық балалар ауруханасының қайта жаңартылуы аяқталды. Осы іс-шараларды атқару үшін республикалық қаржы есебінен нысаналы трансферттер бөлінді.

2008 жылға баға беру. 2008 жылыреспубликалық бюджет қаражаты есебінен Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 кереуеттік туберкулез ауруханасының құрылысы жалғасады.

Токсикоман мен нашақорлықтан, маскүнемдіктен зардап шегушілерге 180 кереуеттік мәжбүрлі емделу орталығында жөндеу жүргізілуде.

650 млн. теңге сомасына облыстық 8 емдеу-профилактикалық ұйымдарының күрделі жөндеуі жұмысына жүргізіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін кеңейту есебінен алдын-алу, сауықтыру іс-шараларының көлемі ұлғаяды, сырқаттарды диспансеризациялаудың сапасы мен тиімділігі арттырылады, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығымен аурушандық деңгейі тұрақтанады.

1.2.7. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету

Кедейлікті төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізу кедейлік деңгейін азайту, тұрмыстық деңгейді, халықты жұмыспен қамтуды көтеруге қол жеткізді. Кедейлік деңгейі 2006 жылға қарағанда 2,0 пайыздан 1,5 пайызға дейін азайды. 2007 жылдың аяғына аз қамтылған азаматтардың саны 13,1 мың адам құрап, өткен жылға қарағанда 25,9 пайызға азайды (2007 жылы орта жылдық есептеу - 14,6 мың адам).