1.2.3. Гендерлік дамыту
2008 жылдың басында облыстағы халықтың жалпы саны 894,2 мың адамды, оның ішінде әйелдер - 471,5 мың адамды (52,7 пайыз), ерлер - 422,7 мың адамды (47,3 пайыз) құрады. Орташа есеппен 1000 әйелге 896 ер адамнан келеді.
Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда 12,8 жылға аз және 58,7 және 71,5 жылды құрады.
Саяси алға басушылық.Барлық деңгейдегі 301 депутаттың 29,6 пайызы әйел және 70,4 пайызы ерлер, оның ішінде облыстық мәслихаттың 36 пайызы әйелдер. 21 барлық деңгейдегі мәслихат хатшысының - 3 әйел, 56 аудан және қала әкім орынбасарының ішінде – 9-ы әйел болып табылады. Мемлекеттік органдар жалпы санының - 27 пайызын, облыстың әртүрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының - 31 пайызын әйелдер басқарады, әйелдердің 41 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік бастықтары болып табылады. 3 әйел (30 пайыз) саяси партиялар филиалдарының жетекшілері болып табылады.
Экономикалық даму.2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда облыстың экономикалық белсенді халқы 0,7 пайызға, оның ішінде әйелдер саны 1,3 пайызға, ерлер - 0,2 пайызға өсті.
Экономикада қызмет ететін ерлер саны 0,7 пайызға өсті және 262,8 мың адамды құрады, әйелдер – 1,3 пайызға өсті (255,6 мың адам).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 7,5 пайызды құрады, ол 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға төмен. Ерлер жұмыссыздығының деңгейі 6,8 пайыздан 6,4 пайызға дейін азайды, әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 8,7 пайыз деңгейінде.
Жұмыссыздықтың ең үлкен деңгейі қала әйелдері арасынде (10,9 пайыз), ең азы өз бетімен жұмыспен қамтылуына байланысты ауыл ерлері (4,9 пайыз) мен әйелдері (6,4 пайыз) арасында болып отыр.
2007 жылы орташа айлық еңбекақы жалпы облыс бойынша 37584 теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға өсті, оның ішінде әйелдер еңбекақысы - 31732 теңгені (32,9 пайызға өсті), ерлер еңбекақысы - 42962 теңгені құрады (26 пайыз). Әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікіне қарағанда 26,1 пайызға төмен.
Облыста әйелдерді зорлауды және сексуалды қанауды тоқтату бойынша жұмыс жүргізіледі.
2007 жылы дағдарыс орталығына 3792 адам келді, оның 80,5 пайызы-әйелдер мен балалар, 19,5 пайызы ерлер болып табылады.
Қостанай қаласында балалары бар белгілі тұратын орны жоқ әйелдерге арналған дағдарыс орталығы қызмет етеді, онда әйелдердің жұмысқа орналасуына, жәрдемақылардың барлық түрлерін, құжаттарды ресімдеуіне көмек көрсетіледі.
1.2.4. Тұрғын үй саласы
2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасымен 418,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру көзделді, нақтылысы 434,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, немесе жоспар 104-ға орындалды пайыз, оның ішінде:
34,1 мың шаршы метр (479 пәтер) коммуналдық тұрғын үй, тапсырма 24,3 мың шаршы метр;
қайтарылуға тиіс кредит есебінен 54,9 мың шаршы метр (729 пәтер), үш жылға арналған тапсырма 65,1 мың шаршы метр;
тұрғындар және жеке меншік инвестициялар есебінен 345,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Облыстың тұрғын үй қоры 2008 жылдың 1 қаңтарына 17,1 мың шаршы метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысына 2007 жылы 8347 млн. теңге инвестициялар бағытталды, оладың ішінен халық қаражаты 5823 млн. теңгені құрды. 177,8 мың шаршы метр тұрғын үй (1496 пәтер) пайдалануға берілді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда (1242) 1,2 есе көп. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары есебінен 191 пәтер (19,3 мың шаршы метр), халық қаражаты есебінен 1026 пәтер (138,7 мың шаршы метр) салынды және пайдалануға берілді.
2008 жылы 185,0 мың шаршы метр тұрғын үйді (1804 пәтер) пайдалануға беру көзделді, бұл 2007 жылғыдан 4 пайызға артық. Жалдау және ипотекалық тұрғын үйді пайдалануға беру 19,4 мың шаршы метрді құрайды, жекенікі – 146,4, кәсіпорындар қаражаты есебінен – 19,2 мың шаршы метрді құрайды.
1.2.5. Білім
Мектепке дейінгі білім беру.2007/2008 оқу жылының басында облыста 91 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істеді, оның ішінде 70-і мемлекеттік және 21 мемлекеттік емес.
Жалпы орта білім беретін мектептер жанынан 546 шағын-орталықтар ашылды, олардан жалпы 200-ден астам баланы қамтыған 8 дербес шағын орталық бөлінді.
Өткен жылмен салыстырғанда 2007 жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен шағын-орталықтардағы балалар саны 8,1 мың адамға көбейген және 30,3 мың адам болған.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен шағын орталықтар санының өсуі облыс бойынша мектепке дейінгі балалар мекемесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы қамту 84,3 пайызға дейін өсуіне мүмкіндік берді, бұл 2006 жылғының - 62,3 пайызы.
Жалпы орта білім беру.2007-2008 оқу жылының басында облыста 644 мектеп, оның ішінде мемлекеттік 630 жалпы білім беретін мектептер, 7 түзету мектептері, 4 кешкі және 3 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істеді.
Жалпы орта білім беретін ұйымдардағы оқушылардың контингенті 120,2 мың адамды құрайды, олардың ішінде 116 мың оқушы жалпы орта білім беретін мектептердің оқушысы, 2,3 мың бала – түзету (жалпы білім беретін мектептер жанындағы түзету сыныптарын есептегенде), 1,7 мың – кешкі мектептер (жалпы білім беретін мектептер жанындағы сырттай оқыту сыныптарын есептегенде), 0,2 мың бала – мемлекеттік емес.
Барлық мектептер компьютермен жабдықталған, телефонмен қамтамасыз етілген және Интернет желісіне қосылған, жалпы алғанда облыс бойынша 1 компьютерге 12,9 оқушы келеді (2006 жылы - 18,8 оқушы).
2007/2008 оқу жылы аяқталғаннан кейін бірыңғай ұлттық тестіленуге (ҰБТ) түлектердің жалпы санының 77,8 пайызы қатысты.
Техникалық және кәсіптік білім беру.2007/2008 оқу жылының басында техникалық және кәсіптік білім беруді 15 кәсіптік мектеп (лицейлер) пен колледждер жанындағы 8 бөлім жүзеге асырды.
Оқушылардың контингенті 7,7 мың оқушыны құрады, оның ішінде 9-сынып базасында 6,9 мың адам оқиды.
Кәсіптік лицейлерде оқыту 59 жұмысшы мамандығы бойынша жүргізіледі, оның ішінде 10 мамандық бойынша оқыту мемлекеттік тілде оқытылады (хатшы-референт, шаштараз, газ-электр дәнекерлеуші, электромонтер, бухгалтер, тігінші, электронды-есептеу және есептеу машиналарының операторы, ауылшаруашылық өнімдерінің шебері, модельер).
2007 жылы кәсіптік мектептер мен лицейлерді бітірушілер 2,6 мың адамды құрады, түлектердің 97,3 пайызы жұмысқа орналастырылған.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін барлық кәсіптік мектепте (лицейлерде) 1355 орындық 15 асхана сақталған және жұмыс істейді.
Облыстың 10 кәсіптік мектебінде (лицейінде) 1017 орынға жатақхана бар.
2007 жылы 92 компьютер сатып алынған, барлық мектептер (лицейлер) компьютерлік техникамен жабдықталған. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде) 17 информатика кабинеті бар, оларда 388 компьютер орнатылған.
Орта білімнен кейінгі білім беру.Орта білімнен кейінгі білім беру аясында білім беру қызметін 28 колледж, оның ішінде 19 мемлекеттік және 9 мемлекеттік емес колледждер жүзеге асырады.
Колледждерде оқитын оқушылардың контингенті 23,9 мың адамды құраған, немесе өткен жылға қарағанда 1,7 мың адамға артық (7,8 пайыз). Мемлекеттік колледждерде оқитын студенттердің саны 14,3 мың, немесе өткен жылға қарағанда 0,5 мың адамға артық, мемлекеттік емес колледждерде – 9,6 мың адам оқиды, немесе өткен 2006 жылға қарағанда 1,2 мың адамға артық.
2007 жылы колледждерге оқушыларды жалпы қабылдау 9,3 мың адамды құрады, оның ішінде – 7,1 мың адам күндізгі оқу түріне, ал 2,2 мың адам сырттай оқу түріне қабылданған.
Облыс бойынша республикалық бюджетті есепке алғанда мемлекеттік тапсырыс 1962 адамды (қабылданған оқушылардың жалпы санының 21,1 пайызы), оның ішінде облыстық бюджеттен – 1912 адам, республикалық бюджеттен - 50 адамды құрады.
2007 жылы облыс колледждерін 5,6 мың маман бітіріп шыққан, түлектердің 94 пайызы жұмысқа орналасқан.
Облыс колледждері толықтай компьютерлік техникамен жабдықталған, 2007 жылы 57 компьютер сатып алынған.
Облыстың 9 колледжінде 1533 орынның жалпы санымен жатақхана бар, бұл 2006 жылға қарағанда 1 жатақхана мен 280 орынға артық.
Жоғары білім беру. 2007-2008 оқу жылының басында облыс аумағында 6 азаматтық, оның ішінде 4 – мемлекеттік жоғары оқу орындары қызмет істеді. Одан басқа, жоғары оқу орнының 2 филиалы және Қазақтстан Республикасы Әділет Министрілігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы бар.
Азаматтық мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында 20 мың студент оқиды, мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарында – 12,6 мың студент білім алуда. Жоғары оқу орнының филиалында – 3,7 мың және Академияда – 1,3 мың адам.
2007-2008 оқу жылының басында 8,9 мың адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1,2 мың адам қабылданған. 2007 жылы мамандар шығару 9,3 мың адамды құрады (алдыңғы оқу жылынан 544 адамға көп), магистрлер – 30 адам.