Смекни!
smekni.com

Балаларды табигатпен таныстыру (стр. 6 из 6)

Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін яғни табиғатты корғай білу, аялай білу қасиеттерін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.

Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады: бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймын.

-Оқыту мен тәрбиелеу және оқушылардың даму жоспарларын қолдау психопедагогикалық қана емес, адамгершілік-этикалық және рухани-адамгершілік ұстаным болып табылады.

- Білімді меңгеру, техникасы мен технологиясын іске қосу, білік пен дағдыны игеру бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін дамыту үшін қосымша сыныптан тыс жағдайды жасауды қажет етеді.

-Бұл көрсетілген міндеттерді бір мезгілде шешу білім беру мәдениетінің маңызды бір бөлігі ретінде оқушылардың адамгершілік мәдениеті білімінің үйлесімді қалыптасуына, сапалық және сандық өсуіне мүмкіндік береді.

Оқушы мектепке білім алуға келіп, сабақ барысында олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиеленеді.

Қорыта келгенде, сабақ үрдісіндегі оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:

- оқушының ақыл-ой мәдениетін дамыту;

- оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;

- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;

- сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.

Дипломдық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді анықталды. Яғни ұлттық әдет-ғұрып, қазақи қасеттерімізді бойына сіңірген ұрпақтың адамгершілік қасиеттері зор деуге болады.

Дипломдық жұмыстың І-тарауында педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп адамгершілік мәдениеті жайлы ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-тарауда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп дүниетану сабағында оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үрдісінде ұлттық педагогика элементтерін қолдану тиімділігін анықтадым. 2-сыныпта эксперимент жұмысы жүргізілді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П. Горащенко– А.: Просвещение, 1977 – 39 б.

2 Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993

3 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997

4 Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д. Ушинский– М. Просвещение, 1977

5 Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: - А.: Мектеп, 1985

6 Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский– А.: Мектеп, 1995

7 Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998

8 Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972

9 Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В. Занков– М.:1990

10 Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.: Просвещение, 1960

11 Выготский Л.С Проблемы возрастных периодизаций детского развития / Л.С Выготский – М.: Наука, 1972

12 Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980

13 Горащенко В.П Методика преподавания природоведения/ В.П Горащенко – М.: Просвещение, 1984

14 Горащенко В.П Методика изучения природы в начальной школе/ В.П Горащенко - М.: Просвещение, 1965

15 Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподавания/ В.И. Подзоров Учебное пособие для пед. училищ – Киев, 1990

16 Пакулова В.М. Методика преподавания природоведения/ В.М. Пакулова– М.: Просвещение, 1990

17 Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/. – А.: 1997