Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 6 из 19)

Мұғалім сыныптан тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қытыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы, нашар үлгеретін балаларды танып біледі, оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға міндетті. Мұның өзі жүйелі және жоспарлы шығармашылық еңбек арқылы іске асады.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды жүргізгенде, оған оқушыларды көптеп қатыстыру жағын ойластыру керек. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар қабілетті кейбір оқушылардың үлесіне тимей, барлық оқушыны қамтитын дәрежеде болады.

Оқыту мен тәрбие жұмысы тұтас процесс есебінде оқушының ақыл – ойын жетілдіріп және моральдық адамгершілік сапасын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды негізгі екі бағытқа бөлуге болады: біріншісіне оқушылардың жалпы жан- жақты тәрбиесі жатады. Әсіресе шәкірттерді саяси - идеялық, моральдық – адамгершілік, еңбекшілдік , эстетикалық жағынанан тәрбиелеуге және олардың тәртібін нығайтуға көңіл бөлу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар мектептің жылдық жоспарында көрсетіледі.

Екінші бағыттағы мәселелерге жастары шамалас оқушылар тобынна арналған сыныптық жұмыстар. Бұл сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында көрсетіледі. Жұмыстың бұл бағыттағы түрлеріне оқушылармен әңгіме, шәкірттердің жеке кітап оқуы, оқылған кітаптарға конференция ұйымдастыру, музыкалық шығармаларды тыңдау және сол бойынша балалармен әңгімелесу, баяндамалар жасату, балалардың тақпақ, өлең, ертегі айтып беруі тарихи оқиғалар туралы әңгімелер айтқызу, монтаждар құрастыру т.б. жатады.

Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарында педагогтар мыналарды есте ұстағаны абзал:

1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қамту

2. Әрбір оқушылардың талап - тілегі мен қабілетін ескере отырып тапсырмалар беру.

3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарының процесінде балалардың инициативасын үздік дамыту және қоғамдық тапсырманы ықыласпен жақсы орындағандарды мадақтап отыру.

4. Балаларды қоғамдық істердің ұйымдастырушысы болуға және жетекшінің айтқанына бағынып, тәртіп сақтауға дағдыландыру.

5. Балаларды жоғары идеялықтың үлгі - өнегесіне, ғылым негіздерін үйреніп білуге тәрбиелеу.

6. Сынып ұжымын білімге, жаңаға құштар да асқақ арманды ұшқыр, ойлы шабытты етіп тәрбиелеу, үздіксіз алға ұмтылдырып отыру.

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым – тыйымдардың тәрбиелік мәні.

2.1 Экологиялық тәрбиенің ұлттық тәрбиемен сабақтастығы

Экологиялық білім мен тәрбиені бала жанына сіңіруде ауыз-әдебиет үлгілерін пайдаланудың да орны ерекше. Мысалы, «Ер - еліне, гүл - жеріне», «Ер – туған жеріне», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Қарағайға қарап тал өсер, қырға қарап бала өсер», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Бір тал кессең, он тал ек» т.б. Мұндағы басты насихаттайтын ұстаным:

· Тәрбиенің негізі әдептілік, сондықтан өзінің өмір сүрген ортасында әдептілікті сақтау;

· Кемтар, күші аз жандарға қайырымдылық жасап, қол үшін беруге шақыру;

· Баланы жасынан еңбек сүйгіштікке шақырып, еңбекке баулу;

· Әруақытта білімге қызығып, дүниені тануға ұмтылу;

· Қоршаған ортаны, табиғат – ананы сыйлау;

· Қолыңдағы барды ысырапсыз шашпауға, яғни үнемділікке шақыру;

· Елдің қорғаны болып, халқыңа адал қызмет жаса деген сезімді қалыптастыру;

· Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы бастауыш сыныптарда оқылатын «Дүниетану» пәнінің сабақтарын жүйелі де, тиімді де өткізу, т.б.[8]

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады

Ырымдар мен нанымдароң және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәріжілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс-қарғыс, бақсылық және т.б.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизммен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет...., ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымен керек»- деген болатын.[1]

«Білім негізі бастауышта» дегендей бүгінгі өмірге білімді, мықты, Отансүйгіш, салауатты өмір салтын сақтайтын, ұйымшыл, жан-жақты өнерлі, басқа ұлттарға дұрыс көзқараспен қарайтын, халықаралық қатынас тілдерін, басқа да тілдер білетін, басқа да халықтың мәдениетін білетін,өз халқының мәдениетін құрметтейтін, жеке тұлғаны қалыптастыру бастауыштан басталады.

Халықтық дәстүрлер, ырым – тыйымдар қазақ халқының рухани мәдениетін қолдауға мүмкіндік береді. Себебі онда балаларды әдемілікке, сұлулыққа, тәрбиелеу ережелерімен нормалары сақталған.

Бүгінгі таңда ұлттық сананың рухани мәдениет пен бірлікте дамып, қалыптасуы өзекті мәселеге айналуда. Бұл мәселелердің жүзеге асуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби даярлықтарына да байланысты.

Мектептердегі тәрбие жұмыстарын талдау негізінде мектеп пен отбасы сабақтастығы аясында ғана жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелі болатындығын айқын аңғардық. Тәжірибе көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыс формаларын сабақта, сабақтан тыс уақыттардағы шығармашылық жұмыстрда пайдалану арқылы ғана тиімді ұйымдастыруға болады.

Соңғы уақыттардағы қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістіктердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі- ұлттық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан халық педагогикасы ғылымы үшін де қатысы бар екені дауысз.

Осы орайда ұлттық тәрбие проблемаларының өзектілігіне баса назар аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халық педагогика мен қазіргі тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар жасалған. Бұл тұрғыда Н. Тұрсынов /Тәжікстан/, В. И. Элашнили /Грузия/, Н. В. Павлова, С. Темурова, А. Минаваров /Өзбекстан/, З. Кусейнова, Ж. Бешимов, Б. Анышев, Т. Максутов /Қырғызстан/, А. Ф. Ильшентаев /Башқұртстан/ және т. б. зертеулері аса көңіл аудартады. [9]

Ұлттық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде /Битебаева Н. Б., Қыдырәлиев К. Н., Насруллаева Н. Н., Байман Ф. Е., т. б. / халық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе экологиялық, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.

Қазақстан жағдайында да халық педагогикалық ойларын бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ал бірқатар ғалымдар /А. Көбесов, с. Қалиев, С, Ұзақбаева және т.б./ еңбектерінің нәтижелері тарихи-педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын басшылыққа алуды жүктейді. Көрнекті тұлғалар /Әл-Фараби, ХV-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев шығармашылықтарының тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі. Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерінің есепке алыну қажеттігін ескертеді.