Табиғат жайындағы ақындардың мұндай жан айқайы, өнегелі өсиеттері – баланың экологиялық мәдениеті мен жан дүниесн дамытуда баға жетпес дүниелер.
Ал, көрнекті ағартушы М.Жұмабаев «балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақалының, ой-пікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз салады»,- деді. Балаға кішкене кезінде табиғат әсері күшті болатындығына ерекше мән беріп, «жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін, жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатырды, түрлі-түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу.Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Осылайша балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады» - деген тұжырым жасайды. «Әрине, жас кезінен табиғат сұлулығынан әсер алып өскен баланың оны аялай білу сезімі де қатар дамитындығына шек келтіруге болмайды» деп жазды.
Ағартушы айтып отырған мұндай сезімдер мектепке деиінгі мекемелер мен баланы мектепалды дайындау сыныптарынан басталып, әрі қарай жалғасын тапқанда ғана нәтижелі болары сөзсіз. Сонда ғана бала бойындағы табиғаттан алған әсерлі сезімі есейе келе оның қоршаған ортаны қадірлеуімен, оған деген қамқорлық сезімімен ұштасуына , сөйтіп экологиялық тәрбиенің алғашқы нышаны қалыптасуына жетелейді.
Республика бойынша оқушылардың мектепте, оқу орындарында білім алуы, мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы, техникамен, көрнекті-құралдармен, жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен оқушылардың мектептен кейінгі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олармен жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын нақты жоспарлау, бағдарламалар жасау күні бүгінгі дейін өз шешімін таппай келеді. Соның салдарынан байқаулар, кездесулер, көрмелер тек қана наухандық сипат алып отырған сыңайлы. Оқушылардың мектептен тыс уақытының көптігі белгілі. Алайда, сол бос уақытты тиімді пайдаланбауынан жастар арасында келеңсіздіктер мен ірілі-ұсақты қылмыстардың кездесіп жататыны кім-кімді болса да алаңдататыны ақиқат. Бұған айғақ ретінде «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның тәртіп сақшыларымен өткізген кеңесінде үлкен ділгірлік болып көтерілді. Оқушыларды темір тордың ар-жағында ұстағанша, тәрбиені күшейту керектігі айтылды. Ендеше, мектептен тыс мекемелерде жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының мән-мазмұнын арттырмай, тәуелсіз еліміздің ірге тасын биіктетіп, бекітетін жастарды табу қиынға соқпақ.
1.2 Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары
Табиғат адамзаттың өмір кешуіне мүмкіндік тудырып, жер – ана елді асырап бағып, орман – тоғай елге дәулет ретінде, су, ауа райы денсаулықтың кепілі ретінде көрініс тауып отырғанын халық даналығы дөп басып түсіндірген.
Табиғат – ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсріп - өрбітіп отырғанда, адамзатта өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл-көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану, көзінің қарашығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті.
Жаратылыс әлемінің сұлулығы, байлықтары, әлем мен кеңістіктің құдіретті рухы адамзаттың көңіл-күйін, денсаулығын, оған деген құштарлығын, ынтықтығын, сүйспеншілігін дамытады. Сондықтан табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік диалектикалық дамудың көзі болып есептеледі. Өйткені, экология адам баласының өмір сүруіне, жалпы планетаның амандығына әсер ететін ғылым ғана емес, ол тірі организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың, хайуанаттардың да ортамен қарым – қатынасын зерттеуге бағытталған ғылым.
Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбиеленуі керек. Түпкі мақсаттың бірлігі жүргізілетін оқу -–тәрбие жұмыстарының жүйелілігін, оқу, тәрбие мазмұнының құралдарымен әдістерінің бір жүйеге ыңғайлануын қарастыруды талап етеді. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарасты қалыптастырып, жас адамның бойында қамқорлық, аяушылық, жауапкершіліік сезіміін оятады. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың қоршаған ортаны ой және сезім арқылы түсініп, тәжірибелік іс - әрекеттерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Теориялық таным мен эмоциялық сезіну және тәжірибелік белсенділік балалардың табиғатпен қатынасының әртүрлі жақтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Экология тек биология ғылымының саласы ретінде қаралу шеңберінен шығып, қазір көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синтетикалық ғылымға айналды.
Барлық ғылым салалары мен экономикалық шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізгі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуда, өйткені табиғат адам мен оның мүддесіін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ.
Қоршаған ортаның бірлігін үйретудің тұтас жүйесі бұл саладағы негізгі проблеманы туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктері дүниесінің байлығын сезіну мен қорғау, оны адамның айналамыздағы табиғаттың басты өзгешелігі ретінде түсінуі, басты идеяны, табиғат адам өмірініің негізгі көзі, адам еңбек ететін, демалатын орын, адамның еңбегі, оның тұтастығын сақтауға арналатыны және экологиялық ұғымдарды айырып алуды қажет етеді. Әрбір азамат өзін қоршаған ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын, оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті.[4]
Экологиялық тәрбиенің мақсат міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге үйрету, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейрімділікпен, сезімталдықпен, қатынас жасауға тәрбиелеу. Табиғат қазынасын ұқыпты пайдаланып, аялауға, үнемдеп жұмсауға үйрету. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерін, басты заңдылықтарын үйрету.
· Дүниедегінің бәрі барлығымен байланысты.
· Дүниедегі бар материя жоғалмайды, бір орыннан екінші орынға (желмен, сумен, т.б.) ауысады, бір молекулалы формадан екнші формаға айналады.
· Табиғат бәрінен де артық біледі.
· Ешнәрсе тегін істелмейді, бәрінің де өтеуі болады. Ұтыс, ұтылыс болмайды.
· Шындық тазалайды. «Шындықтың маңдайы жарық».
Экологиялық тәрбие берудегі осы біртұтас байланысты шартты түрде бөле отырып, ең соңғысына, балалардың табиғатты жаңартуға бағытталған тәжірибелік іс – шараларының кейбір педагогикалық аспектіісін қарастырамыз.
Ол төмендегідей экологиялық міндеттерді жүзеге асырады:
1. Табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау, қоректендіру, ұялар жасап, оны орнату.
2. Табиғи ортаны жақсарту: алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу, айналасына ағаш егу, көшелерді, аулаларды, айналаны көгалдандыру.
3. Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау.
4. Экологиямен айналысқан ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену.
5. Экология тақырыбына кештер, кездесулер, кітап оқушылар конференцияларын өткізу.
6. Экологиялық тақырыпқа дәрістер, әңгімелер, баяндамалар, сұрақ-жауап кештерін өткізу.
7. Орта арнаулы оқу орындарында табиғатқа экскурсиялар ұйымдастыру, викториналар жасау, шештіру.
8. «Невада – Семей қозғалысы» туралы әңгімелер циклын ұйымдастыру.