Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 17 из 19)

Сот:- Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштармен пестициттердің артық мөлшеріне байланысты аурулардың көбеюіне жол бермеу үшін адам қандай шаралар жүргізіп жатыр!

Қоғам:- Кейбір мемлекеттерде : США, Франция, Германия, пестициттер қолдануын азайтып немесе толығымен тоқтатып жатыр.

Хатшы:- Куәгер Атмосфера шақырылады!

Атмосфера:- Атмосфераның ластаудың негізгі көздеріне қара және түсті металургия өндірісі, жылу, электростанциялары, автомобильді транспорт және т.б. Атмосфераға әртүрлі газдар мен шаңдар шығарады. 1900жылдан бастап отындардың қолданылуы он есе артты. Жыл сайын атмосфераға 200 млн тоннадан артық көмірқышқыл, күкірт, азот окситтері түседі. Бүгінгі таңда 500 млн артық дүние жүзінде автомобильдер бар. Атмосферадағы улы заттардың 60% автомобильдерден бөлінеді. Оның газдарында зиян ететін 200 жуық компоненттер бар. Мұнда СО2, NО2, SО2, көмірсулар, сынап қосылысы және т.б. Атмосфераны ластайтын көздерге ядролық жарылыс және атом станцияларындағы авариялар кезінде атмосфераға түсетін радиоактивтік элементтер жатады.

Хатшы:- Куәгер Гидросфера шақырылады!

Гидросфера:- Өндірістің дамуына және қалалардың өсуіне байланысты суды қолдану мөлшері артуда. Тұрмыстың қажеттілігі үшін әр адамға күніне 300-500л су қажет. Табиғи суларға жер бетінен жауын-шашындармен шайылға минералды тыңайтқыштар үлкен зиян келтіреді. Суды ластайтын заттарға: теңіз және өзен флоттарының жанар-жағар майлары, мұнай, ауыл шаруашылығының қалдықтары жатады.

Сот:- Адам өз қажеттіліктерін мойындады ма!

Адвокат:- Иә, адам өз қажеттіліктерін мойындайды.

Көптеген елдерде жасанды ормандар егуде. Кейбір өсімдіктермен жануарлардың түрлерін сақтауға қорықтар, ұлттық парктер құруда отын ретінде сутегі электрохимиялық отынды элементтер қолдануда.Осы сияқты әртүрлі шараларды жүзеге асыруда. Қалдықсыз технологияны іске асыруда.

Бас сот:- Сот өз шешімін айтады.

Сот жабық деп жариялайды.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан туған өлкем!

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

б) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтармен таныстыру.

в) Табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: 1.Қазақстанның картасы. 2.Табиағат көріністерінен стенд. 3.Газет-журналдардан мақалдар, суреттер. 4. Альбомдар: Менің Қазақстаным, қазақстанның жануарлары. 5. Табиғат туралы қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: 1.Кіріспе 2. Әдеби монтаж 3. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар

Сабақты бекіту: Мұғалімің қорытынды сөзі. Қазақстанның орны туралы: Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық,Еділ жағалауынан батыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь- Шань тауларына дейін ұлан- ғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1-оқушы: Қазақстан- Туған өлкем,

Жер көпе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

2-оқушы: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3-оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.

Хор: Қазақстаным.

1-бастаушы: Туған жер, өскен ел- жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4- оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені туған.

5- оқушы:

Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы, қазақ болып туғаным,

О, туған жер! тамашасың, көркемсің

(С.Сейфулин).

2- бастаушы: Табиғат адам баласының дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

6- оқушы:

Туған жер – алтын бесік, алтын анам,

Ауаңмен, ақсүтіңмен асыраған.

Мен – дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

2- бастаушы: Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сезімді ләззат, шапағатын ұялтатын сұлулықпен әсемдік әлем. Табиғатп адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Мұғалім сөзі: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалары өте көп. Жері байдың- елі бай деп тегін айтпаған. Көмір, мыс, алтынның қоры мен есептеледі.

7- оқушы: Қазына қара жерде дейді халық,

Күн көрген осы жерден біраз алып.

Жер анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.

1- бастаушы: Табиғаттың басты байлығы жер. Қазақстан

272 млн га жерді алып жатыр, 222 млн га ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Күте білсең – жер жомарт деген халықтың дана сөздері бекер айтылмаған.

8- оқушы: Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылықта топырақтан шығады.

Хор : Туған жер.

2- бастаушы: Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем.Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

Мұғалімнің сөзі: ( суреттер көрсетіледі, қазақстан туралы альбом, кітаптар көрсетіледі)

Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Солтүстіктен бастасаң орманды дала, шөл мен шөлейт жерлермен қатар әдемі, көрікті жерлер қаншама. Мысалы : Көкшетау, Баянтау, Алатау т.б. Осы жерде төрт түлік мал, қазақтың киіз үйі, жайылым туралы айту.

9-оқушы : Баянауыл басынан бұлт аумайды.

Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.

Астанадан алыстау демесеңіз,

Алатаудан Баяның бір аумайды.

Хор : Алатау

1- бастаушы: Тіршілік атаулының өмірлік өзені,

аңсар арманы – таза ауа.

10-оқушы: Бола алмас аспан ұя зауалына,

Жауларды тартар уақыт жауабына.

Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,

Улауға жол бермейміз ауаны да.

Мұғалім сөзі: Сонау 1949 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қару жарылып, сынақ жүргізіліп келді. Жарылыс кезінде бөлінген әр түрлі газдар ауаны ластады, сол ауамен дем алған соң тұрғындар көптеген ауруларға ұшырады. Олжас ағаларың ұйымдастырған Невада- Семей қозғалысының талабы бойынша осы сынақтарды жүргізуге 1991 жылы маусымда тиым салынды.

Заман-ай әні орындалады.

1- бастаушы: Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі су.

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. Судың да сұрауы бар дейді халық. Осы мол суды еспсіз, мөлшерден көп жұмсау – судың азаюына әкеп соғады. Мысалы: Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырады, кейінгі уақытта өзен суын мөлшерден көп ауыл шаруашылығы үшін күріш, мақта өсіруде пайдаланды.Өзеннің теңізге апарар суы азайып, соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып көлемі кішіреюде. Тартылған су астынан тұзы шығып кеуіп ұшып ауа құрамына кіруде. Сол ауамен дем алған адамдар ауруға ұшырап, зардап шегуде. Арал аймағының экологиясының осындай жағдайға жетуі Қазақстанда үлкен проблема болып отыр. Сол проблеманы шешу үшін М.Шахановтың бастауымен Аралға араша атты қор ұйымдастырылды.

Аралым әні орындалады.

Ата-аналар жиналысынан баяндама.

Тақырыбы: Семей қаласының экологиясы.

Бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі екі мәселе тұр: бірі әлемді алапат соғыстан аман алып қалу проблемасы болса, екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік ортасын- биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу, өйткені: тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.

Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми-техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасалған қастандықпен тең. Ел Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны » туралы айтқан.