Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл – ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылыр әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс - әрекетіне белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына жетеді. Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай сөздік – эмоционалдық әсер етуші әдістер мыналар: әңгімелесу, түсіндіру, этикалық кеңес, дисут, және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге - өрнек келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моральды жайттарды бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгімелерді өткізудің жағдайлары:
1.Әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек.
2.Әңгіме көрсетпе – көрнекі құралдармен бірге жүрілуі керек.
3.Қоршаған ортаның эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы керек.
4.Әңгіме кәсіптік деңгейде өткенде ғана тартымды болады.
5.Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды – сөзді әсер ету әдісі. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалақ сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: «Былай істеу керек», «Барлығы осылай істейді» т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады:
- қылық формасы немесе жаңа моральдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін;
- болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс - әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді.
Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс. Сұхбаттың әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым – қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моральды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін тереңдету, бекіту, білімді жалпылау, нақтылап орнықтыру және адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Пікірталас мақсаты – белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы балаларды прцеске қосу әрі оны басқара жүргізу.
Өнеге - өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен қатар кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі – жаттықтыру.
Жаттығу – автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі тұлғаның тұрақты қасиеттері дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
Талап – бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс - әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым – қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі. Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді:
1.тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті)
2.қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б)
3.талап – кеңес
4.ойын түріндегі талап
5.сенім арқылы талап
6.талап - өтініш
7.талап – ишара
8.талап – қуаттау
9.позитивті және негативті талаптар.
Үйрету – бұл тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда қолданылатын әдіс. Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді. Үйрету әдістерін дұрыс пайдалану шарттары:
1.мақсаттың айқын болуы,
2.түсінімді үйрету;
3.тапсырманы беру уақытымен санасу;
4.орындау жолдарын және нәтижені көрсету;
5.сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;
6.үнемі бақылау жасау.
Тапсырма беру әдісі – жақсы нәтижелер береді.Жүйелі тапсырмалар беру арқылы оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады.
Ынталандыру әдістері мақтау және жазалау болып екіге бөлінеді. Мақтаудың түрлеріне қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау жатады. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
1.балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы;
2.мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау;
3.мақтаудың қылық – ісіне сай болуы;
4.мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету;
5.мақтаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар – ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:
1.қосымша тапсырмалар беру;
2.белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;
3.моральдық кемшілігін таныту.
Жарыс – адамға, қоғамға қажеттісапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.
Адамгершілік сапаларын индивидтің өзі анықтап, адамгершілік ұстанымын да өзі қалыптастырады. Мысалы, индивидуализм, коллективизм, эгоизм, альтруизм деген сияқты. Ұстанымды таңдағанда біз тұтастай моральдік бағытты таңдаймыз. Ұстанымды таңдау жеке ережелерге, норма, сапаларға тәуелді. Моральдік жүйеде жеке бастың өз ұстанымын дұрыс таңдауы жеке бастың үлкен жетістігі болвп табылады. Адамгершілік ұстанымын дұрыс таңдап алған адамның жолы – дұрыс адамгершілік жол. Халықтық педагогиканың баға жетпес мұрасы, ілкі бстауы – дәстүр. Әдіс ретінде дәстүр де адамгершілікке тәрбиелеуде қолданылады. П.Пидкасистый ұсынған тәрбие әдістерінің топтамасы мыналар:
1.тәрбиеленушілерде дүниеге қөзқарас қалыптастыру және мәлімет ауыстыруды жүзеге асыру;
2.тәрбиеленушінің әрекетін ұйымдастырушы және олардың мотивін ынталандырушы;
3.тәрбиеленушілерге көмек көрсету және олардың мінез – құлқын бағалау әдістері.
Осы әдістердің қай тобына болсын моральдік – этикалық дәстүрді жатқызуға болады.Тәрбие әдісін балалардың моральдік мінез – құлқын, адамгершілік сапаларын стимулдандыру тәсілі деп түсінеміз. Американ психологы Л.Кольберг адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты мінез – құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пікір айту қабілеті деп түсіндіреді.Сонымен бірге ол тәрбие бағытын автономды моральдық ұстанымды қалыптастыру үшін жұмысты күшейту бағытына баруды ұсынады.
Оқушылармен жұмыс істеу формаларын ұйымдастыруда олардың ынтасына, күштеріне және әрекеттеріне иек арту қажет.