Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 13 из 19)

4. Конференция немесе оның тақырыбын талқылау барысында белсенді пікір алмасудың болмауы

5. Конференцияның тақырыбы немесе онда көтеріліп отырған мәселелер оқушылардың күнделікті өмірінен алшақ болуы

6. Конференцияларды ұйымдастыру барысында оның сапасына, мазмұнына мән бермей сан қуалау басымдылығы т.б.

Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарын жүргізуінің өзі-конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі-қорытындысы болып табылады. Сынып жетекшісінің дұрыс бағыт беру басшылығы арқасында оқушылардың тек қана өздерінің дербес, өз бетінше еңбектенуі конференция жұмысына олардың белсенді қатынасуы, өзіндік көзқарасымен ойының қалыптасуына, қорытынды жасай білуіне көмектеседі.

Дайындық барысының жауапты кезеңі, ол оқылатын кітап, оның авторы анықталып, оқушыларға тапсырмалар беріледі. Мысалы: автор жайлы, оның өмірі, шығармашылық жұмыстары туралы мәлімет жинаттыру; авторға қатысты кітап көрмесін ұйымдастыру; автордың әдеби-көркем шығармаларынан қанатты сөздер әзірлеу, конференцияның өткізу орнын безендендіру, жоспарын құру; авторды болмаса әдебиет пәні мұғалімі мен кітапхана жетекшісін, тұрғылықты жердегі көркем-әдеби шығармаларын оқуды жақсы көретн немесе өлең жазатын ата-аналарды шақыру.

Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп, оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе, қатынасып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақты мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт-бағдар береді. Ең негізгісі, оқушылардың қысылмай-қымтырылмай өздерін жақсы сезінуге, ойларын бүкпей еркін айтуға, пікір алмасу барысында өзара достық сезім, бірін-бірі құрметтеу жағдайында өткізуге қол жеткізу. Сынып жетекшілері әдетте 2 немесе 3 оқушыны алдын ала дайындап, ақыл-кеңес беріп қояды. Конференция жұмысын бұлай ұйымдастыру, кейбір жағдайда уақытты үнемдеуге, оның жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеді.

Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді. Кейбір көлеңкелі тұсқа өзінің көзқарасын білдіреді. Мұндай жағдайда тек менікі дұрыс деген қорытынды шығарудан аулақ болған жөн. Оның дұрыс не болмаса дұрыс еместігін келесі кезекте, соған сабақтас шығарманы талдау, қосымша әдебиет немесе анықтамаларды қолдану барысында дәлелдеп, түсіндірген жөн.

Қызықты кездесулер

Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру-мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының экология саласында қызмет етіп жүрген адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы.

Мұндай қызықты кездесулер барысында оқушылардың табиғат пен орман, жер, су, ауа, өсімдіктер, жан-жануарлар туралы көзқарастарымен, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмектеседі.

Кездесулерді ұйымдастыруда оқушылар арасында оған алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше. Ол үшін, сынып жетекшісі, кездесудің нақтылы мақсатының белгіленуі және оқушылармен кездесуге кімді шақыру керек деген мәселені дұрыс шешіп алған жөн. Одан кейін конақты шақыруға балалар өкілдері жіберіледі. Бұл оқушылардың белсенділігімен, жауапкершілігін арттыруға болатын кездесуде олардың ықыластарын оятуға көмектеседі.

Дайындықтың маңызды бір саласы сынып жетекшісінің шақырылатын қонақтармен алдын-ала сөйлесіп, пікірлесуі болып табылады. Онда оқушылардың құрамымен, олардың жас шамасы дара ерекшеліктерімен бірге, кездесудің көздейтін мақсаты таныстырылуы керек. Осы орайда сынып жетекшісінің педагогикалық кеңес беруіне болады. Кездесуді бұлай ұйымдастыру шақырылған қонақ сөзінің шашырамай, нақтылы мәселе төңірегінде айтылуына көмектеседі.

Кездесудің болатын уақытын алдын-ала дұрыс ойластыру, оның тәрбиелік маңызын арттырудың оң кепілі. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қалыптасқан дәстүр, ол кездесуді сабақ артынан іле-шала өткізу. Бұл тиімсіз әдіс. Өйткені, бес-алты сабақтан шаршап шыққан балалар көп жағдайда кездесуге онша ниетті бола қоймайды.

Кездесуді өткізетін орынды да алдын-ала белгілеп алған жоқ. Еліміздің көптеген мектептерінде оқу екі мезгілде жүргізіледі. Сыныптан тыс уақыттарында оқушылармен тәрбие сағатын өткізуде сынып бөлмелерінің тапшылығын тудырады, белгіленген тәрбиелік шараларын атқаруда оқушылардың орын іздеп, сендей соғылуына душар етеді.

Осыған қарамастан аталмыш тәрбиелік шараларды сынып жетекшісі тарапынан атқару шарт болса, оған оқушылардың қатынасуы міндетті. Осының нәтижесінде, атқарылған шаралардың тәрбиелік мәні жойылып, оған деген оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.

Ол үшін кездесудің сипатына қарай орынды таңдаған жөн болар еді. Атап айтсақ, еңбек ардагерлеімен кездесу өндіріс орындарында, соғыс және еңбек ардагерлерімен мектеп мұражайларында, ал өнер адамдарымен мектеп клубтары, не болмаса мәдени бөлмелерінде өткізген жөн болар еді.

Ал кездесу мерзімі негізінен апта соңында сенбі күндері өткізу мұғалімдерге де, оқушыларға да, тіпті шақырылған қонақтарғада тиімді болмақ. Тәрбие жұмысын бұлай ұйымдастыруда сабақтың тиімділігі артып, оқушыларда кез-келген іске алаңдамай біржақты болған болар еді, әрі оның нәтижесі оқу үшінде тәрбие жұмысында нәтижелі болмақ.

Кездесуге оқушылардың өздерін даярлаудың да педагогикалық тұрғыдан құнды екенін ескеру қажет. Ол үшін сынып жетекшісі оқушыларға кездесудің кіммен болатынын, оның уақыты мен өткізу орнын алдын-ала хабарлап қояды. Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың ықыласын оятады. Кездесуге арналып қабырға газеттерін шығарады, кездесу орнын безендіреді, ән-би, тақпақ, көрме секілді оқушылардың өздерінің өнер туындылары әзірленеді.

2.4 Қазақтың ырым –тыйымдарын пайдалану арқылы экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен әдістері

Ырым сөздері алдын ала жамандықтан сақтандыруды, жақсылыққа қарай тәрбиелеуді көздейтін ұстаным. Ал тыйым сөздері – астарлы түрде айтылатын киелі сөздер. Мысалы, қазақта «үйге қарай жүгірме, атпен шаппа, жаман болады» деп жатады. Бұл сөз ырым емес, этикадан туындаған тәлімі терең тыйым сөз. Себебі, көбінесе жау шапқанда, суық хабар жеткізгенде хабаршы жай жүріске салмай, шауып келеді. Міне сондықтан, жай уақытта үйге қарай жүгіріп келу – елдің жүрегіне үрей салу болғандықтан, бабаларымыз «үйге қарай жүгірме, атпен шаппа» деген этикалық астары қалың тыйымдарды айтып отырған.Ендеше осы ырым –тыйымдарды экологиялық тәрбие беру жұмыстарында да пайдаланудың мағынасы аса зор. Оларды түрлі тәрбие жұмыстарында қолдануға болады.

Тәрбие жұмысының формасы – бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі. Мазмұн мен форманың философиялық категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін білдіреді. Мазмұн мен форма бір – бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкеліп соғады және керісінше. Мазмұн қалыптасады немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. Тәрбие процесінің мазмұны жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның экологиялық, рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құралады. Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барынша сәйкес келген ұжымға өтеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса, онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарысқа тап болады.

Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі - бір мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: ежелгі оқу орнындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі барлық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі. Сондықтан, тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық болып бөлінеді. Топтағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5 – 7 –ден 25 – 40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде жеке және шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің жоғары экономикалық шығындарды керек етуі – оның кең тарауындағы елеулі кедергі. Қазіргі жүйелердің көпшілігі тәрбиенің топтық(ұжымдық) формасын пайдалануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, санымен бірге өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төиен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы – біздің елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып отыр.