Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 11 из 19)

Бұдан шығатын қорытынды сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты әр-түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеуге тиіс. Оқушы өз күші жететеін ғана іспен айналысса оқушының үйірмедегі немесе бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабылетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін бір-біріне үйрететін болуға тиіс.

Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, ролін арттыра түсу көзделеді.

Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстар деп атайды.

Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырамасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс экологиялық жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағы үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауларында т.б.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар мектепте, оқушылардың бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруды, оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыстар атқаруын көздейі. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныбы, жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстар да әртүрлі болады. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың мазмұнына қарай көп түрі бар.

Экологиялық жүргізілетін жұмыстардың түрлері:

Пікірталас (диспут)

Пікірталас-оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттерімен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың әңгіме тәсілінен ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруде. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден-бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей блуге, өз жолдастарының ойын салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.

Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды олардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қорытындылай білуге ықпал етеді.

Пікірталас барысында талқыланып отырған мәселе: төңірегінде оқушылардың ойларын дамытып, көзқарастарын қалыптастыру қажет. Осылардың негізінде оқушылардың пікірінде әртүрлі қарама-қайшылықтар пайда болады. Ендігі жерде сынып жетекшісінің ролі олардың пікір сайысындағы қарама-қайшылықтарын дұрыс арнаға бағыттап отыру, дайын қорытындылар бермей, дұрыс шешімді өздігінен табуға көмектасу.

Пікірталастың мақсаты-оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді. Сонымен қатар пікірталастың негізгі сұрақтарын ойластыратын топ немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қоса пікірталасты өткізу жайлы хабарландыру іліп, оған қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын-жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Кейбір жағдайда анкеталық сұрақтар таратылып, олардың қорытындысын талдап, диспут барысында оларды пайдаланады.

Пікіталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет. Ондай адам біреу немесе екеу болғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлаған жөн.

Пікірталастың сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл болу қажет. Олар әрі нақтылы болу қажет. Сұрақтарды алдын-ала оқшыларға таратып, не болмаса іліп қою міндетті. Тақырыпқа сай оқылатын әдебиеттердің тізімі де күнілгері оқушыларға беріледі.

Пікірталасты өткізу барысында баяндама жасалмайды. Пікірталас мәдениетті түрде, оған қатынасушылардың бір-бірінің көңілін қалдырмай дөрекі жауап бермей, әркімнің өз пікірін сыйлау, құрметтеу жағдайында өткізіледі.

Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Пікір талас кезінде сөйлеген адамдарға сұрақ қоюға болады. Сұрақтар талданып болғаннан кейін жүргізуші, сынып жетекшісі, қатысқан мұғалімдер тарапынан қорытынды жасалып, дұрыс және теріс пікір қайшылықтарын көрсетеді. Сонымен тілек айтылып, белгілі бір әрекеттерді атқаруға шешім қабылданады.

Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы факторлармен тұжырымдалу. Оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

Әңгіме

Әңгіме жүргізу негізінен экологиялық тақырыптарға арналады. Ол көбінесе 4-5 сынып оқушыларын қамтиды. Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:

- өз Отанының табиғаты;

- өзі өмір сүріп отырған қоғамның бүгінгі экологиясы;

- табиғатқа көзқарасы;

- қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;

- саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне жауапкершілігі

- аңдарға, құстарға деген мейірімі;

- судың, ауаның пайдасын білуі;

- еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы.

Жоғарыда көрсетілген әрбір бағыттың маңызды, мазмұнды нақытылы тақырыптарда жан-жақты талданады. Олардың көлемі, мазмұнның сапасы сыныптыңөсуіне, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сайкүрделеніп, ауқымы кеңейіп отырады. Әрбір қаралған тақырыпта оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын, адамгершілік түсініктерін жаңа фактілермен, этикалық нормалармен байытып, адамдардың бойында, іс-әрекеттерінде, қарым-қатынастарында кездесетін жағымсыз қалыптардың болу себептерінің мәні ашып беріледі.

Әңгіме әдісін өткізуге дайындық барысында оның тақырыбын, мақсатын, ең басты, түйінді сұрақтарын анықтап, соған сәйкес жоспарын құрады.

Тақырыптың сұрақтары оның өзекті мәселесіне айналуы қажет. Дайындық бөліміндегі тағы бір жауапкершілігі мол, қиын кезең, ол өткізілетін әгіменің тақырыбына сай оқушыларға берілетін тапсырмалардың көлемін, сипатын, бағытын және оларды бөлуде оқушылардың қабілетін, ықыласын анықтау болып табылады. Осыған орай, олар қандай әдебиетті оқуы, өмірдегі қандай құбылысқа көңіл болу керек, өз тәжірибесінде нені еске түсіру қажет екендігі алдын-ала ойластырылады. Берілетін әрбір тапсырма оқушылардың шамасына сай келуін олардың шығармашылық өсуін қамтамасыз ету қажет.

Мұғалім экологиялық әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек. Бірақ мұғалім балаларға дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес.