Бастауыш мектептерде оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мұражайларда, мекемелерде, мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;
- кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы сабақтар өткізіу;
- Кіріктірілген пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір тәрбиелік және білімділік кешенін шешуге көмектеседі.
Жалпы білім беретін мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктерімен шығармашылық қызметте, басқаруда, ақпаратты қамтамасыуз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс экологиялық жұмыстың мазмұынын мақсат міндеттерін кіріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың аздығы оқу үрдісін икемді құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.
Оқушылардың сыныптан тыс экологиялық әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:
- ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелерді бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;
- оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;
- оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және т.б.) ұйымдастыру;
- оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;
- оқушылардың саналы түрде кәсіп таңдауға экономикалық білімдерді, ауылдағы өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;
- оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті, үздіктерді анықтау;
- мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту, ауыл оқушыларының қарым қатынасқа зәрулігін болдырмау.
Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл - ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығуы бойынша клубтар оқушылардың ғылыми қоғамдағы желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.
Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс- әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс экологиялық жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Тәрбиелеу дегеніміз - адамның сана - сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан - салалы процесі. Тек мектеп қана емес, сондай- ақ жанұя, қоғам, баспасөз, радио, театр, кино, теледидар- барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады. Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шыңдап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбиелеуіне, мінез-құлқындағы, ағаттықтармен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.
Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады. Сабақтар соңынан мектеп оқушыларының өздігінен, тәрбиесі, көбінесе, инициативасымен әртүрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, ата- аналарға шаруашылық жағынан көмектесуге және т.б. тура келеді. Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті шеберлік пен дағдыларды талап етеді. Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс- әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Алайда, бұл мәселеге барлық жерде тиісті назар аударылмайды. Жекеленген мектептерде сыныптан тыс экологиялық жұмыстар нашар үлгеретіндер мен артта қалғандардың бірқалыпты оқуына кедергі келтіреді деп есептеледі. Іс жүзіндегі орын тепкен үйірмелерге тек жақсы үлгеріп жүргендерді ғана қабылдау керек деген тұжырымның кең таралуы да осыдан. Оқушы «2» деген баға алса болды- оны тез үйірмеден шығарады, олимпиадаға, конкурсқа, спартакиадаға қатысудан шеттетеді.
Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдауға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет. Ғылыми - зерттеу иниституттарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибе мен техникалық шығарма мен шұғылданып, өлке тану жорықтарына, спорт жарыстарына, көркем өнерпаз ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдыларын, инициативасы мен өзіндік әрекетін дамыта түседі.
Экологиялық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен, көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын ендіріп отыруы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызығушылығы арта бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Экологиялық жұмыстар оқушылардың білімін ғана дамытып қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке-дара жұмыс істейтінін де ұжым алдындағы жауапкершілігінде жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарып отырады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде де бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн.
Бос уақыт ұғымы күрделі әлеуметтік категория. Бұл уақыт –(оқушылар үшін шынында да бос болғанымен) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге (дүниетану) қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандандыру мүмкін емес, сондықтанда сыныптан тыс әр түрлі экологиялық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.