ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНСИТРЛІГІ
«ЖІБЕК ЖОЛЫ» МЕКТЕП-ЛИЦЕІ
Информатика
Физика, математика, информатика кафедрасы
Тақырыбы::
«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ»
Дайындаған: информатика пінінің мұғалімі
ЖАҚАЕВ. М.
Шу қаласы - 2007
Мазмұны:
Кіріспе……………………………………...…………………….……..3
1. Қашықтан оқытуды не деп түсінеміз?.................................………4
2. Қашықтан оқыту ........................……………………………………6
3. Қашықтан оқыту ........................……………………………………7
4. Қашықтан оқыту .............................………………………………...8
5. Қашықтан оқыту артықшылығы .................………………………10
6. Қашықтан оқыту формасын ұйымдастыру проблемаларының
негіздері …………………..……………………………………11
Қорытынды .……………………………………………………………11
Әдебиеттері ...........……………………………………………………..12
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақтытүрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада:
1. қашықтан оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері қабылданбаған және жасалмаған;
2. қашықтан оқыту терминін кез-келген білім беру формасына (күндізгі оқудан басқа) «тіркей» салу әдеті бар;
3. бұл ұғымның педагогикалық мазмұны ешкімді толғандырмайды, істің комерциялық жағы басты орында;
Осы себептен қашықтан оқытуға дәл анқытама беріп, оның теориялық жақтарын әртүрлі деңгейлерден қарастыру керек.
Соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде қашықтан оқтудың педагогикалық проблемаларына көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алғашқы көздердің сипаттауларында ғылыми көзқарас (терминологияны пайдалану, оны ашып көрсету, баст жәйттерді шығару және негіздеу, айтып жеткізудің ойға қонымдылығы) байқалады, бірақ, әр жылдардағы авторлардың еңбектерінде кейбір сұрақтар бойынша айырмашылықтар байқалады.
Түрлі статияларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұыснады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т.с.с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтан оқыту – процесс. Қашықтан оқу – жүйе.
Таким образом, с одной стороны, дистанционное обучение следует рассматривать в общей системе образования (непременно в системе непрерывного образования), предполагая при этом преемственность отдельных ее звеньев. С другой, дистанционное обучение необходимо различать как систему и как процесс.Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағаналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау.
Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқуға тән бірқатар сипаттамаларды бөліп көрсетеді. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қаштықатан оқыту крусының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек.
Қашықтан оқыту мақсаттары.
Ғылыми жұмыс авторлары қащақтан оқытудың мынандай мақсаттарын бөліп көрсетеді:
1. кадарларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;
2. белгілі мамандық бойынша педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтеру;
3. кебйір жеке оқу пәндерінен оқушыларды экстерн-емтихан тапсыруға дайындау;
4. белгілі профил бойынша оқушыны жоғары оқуға түсуге дайындау;
5. мектеп немесе мектептен тыс курс бағдарламысының бөлімін, кейбір жеке пәндер мен тақырыптарды тереңдете оқыту;
6. мектепте кейбір жеке пәндер бойынша оқушы біліміндегі, білігіндегі, дағдысындағы жетіспеушіліктерді жою;
7. түрлі себептермен мектепке мүлдем немесе белгілі бір уақыт аралығында келе алмайтын оқушыға мектептің базалық курсты оқыту;
8. қызығушылығы бойынша қосымша білім алу.
Қашықтан оқыту түрлері.
Орындалған талданымдар негізінде қащықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
1. инетрактивтік теледидар;
2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеокконференция, телекөпір, онлайын-сабақ...) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;